Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен келген Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесу барысында «қазақтар мен жапондар қатты ұқсайды»,- депті. Мүмкін түріміз ұқсайтын шығар. Өрілгіміз бен қайсар мінезіміз, батылдығымыз бен батырлығымыз, тапқырлығымыз кезінде ұқсаған шығар. Бірақ, қазір Жапондарға емес, қытайларға ұқсап бара жатқан сияқтымыз. Қытайлардың көшіргіш әдеті бізге жұққан. Олар әлемнің қай жерінде қандай озық техника шықса көшіріп алып, олардан бұрын базарға салып, әлемдік экономиканы жаулап барады. Біз де қай елде жаңа хит ән шықса соны көшіріп алып, бүкіл тойды жаулап, сауық сайран құрамыз. Егер, осы әдетімізді қоятын болсақ, жапондарға қайта ұқсайтын шығармыз.
Тұрдыбек Құрметхан