Қытайдағы кең танымал WeChat әлеуметтік желісінің «Қорғас жаңалықтары» бетінде Қазақстандағы демографиялық ахуалға тоқтала келе, елдегі ерлер саны әйелдерден әлдеқайда аз екендігін айтып, қазақ қыздарына «құда түсуге» шақырған жазбалар тарауда. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

2355858201 нөмірлі WeChat қолданушысы «Қазақстан Мен Жунго – (Қытай Халық Республикасының қытайша атауы – ред.) ежелден тату-тәтті көршілер. Екі ел арасында тығыз байланыстар орнаған. Бүгінде Қазақстанда әйелдер саны ерлерге қарағанда басымдыққа ие. Сол себепті де қытайлық еркектер үшін екі ел арасындағы байланыс Қазақстанға барып, қазақ қыздарына үйленуге ерекше мүмкіндік болып отыр. Қазақстан көшелерінде сұлу қыздар көп. Бір еркек онда төрт әйелге дейін алуына болады. Алайда, еркектерінің көп әйел алуға жағдайлары жоқ. Бұл – қытайлық ер азаматтар үшін үлкен мүмкіндік» делінген ол жазбаларда.
Сондай-ақ, желі қолданушысы Қазақстандағы Алматы облысының аумағына да көз алартқан. Оның ойынша, «Қазіргі Алматы қаласының орнында бұрын Шиянши қыстағы болған».

Осы жазбалар Қытайда тұратын қандастарымыздың арасында қызу талқыланып, наразылық туғызуда. Осы мәселемен Қытай құқыққорғау органдары айналысып жатқандығы туралы да айтылады.