Қыздар, сендерге шынымен жігіт жетіспей ме? WeChat әлеуметтік желісін пайдаланушы қазақтар арасында қытайлардың қазақ еліне құда болуды мақсат еткен мақаласы талқыланып, наразылықтарын тудырып жатыр. Ол мақалада бір қытай Қазақстан мен Қытайдың туу көрсеткіштерін салыстра отырып, «Қазақстанда қыздарға жігіттер жетіспейді, Қытайда жігіттерге қыздар жетіспейді. Екі ел арасында құдалықты дамыта отырып бұл мәселені шешуіміз керек» дегендей ой айтыпты. Қазақтың қыздарына жігіттер жетіспейді деген не сөз? Жетіспесе де қазақ қыздары қытайға қарап қалған жоқ. Қай қазақ қызы қытайға тұрмысқа шыға қояды ғой дейсіз? Қытайлар біліп жүрсін, бір қазақтың жігіті 10 қытай жігіттінен артық. Біздің ұлан- байтақ жеріміз бен қазыналы байлығымызға көзі түнған қытайлар енді қыздарымызға ауыз салып, барша байлығымызға ортақтаспақ па? Тұмар хашадай жауға шапқан, Домалақ ана, Абақ ана, Қызай ана сияқты елге қорған болған, Әлия мен Мәншүктей кеудесін оққа төсеген, Ләззат пен Сәбирадай желтоқсанның ызқарында ұлт намысын бермеген қазақ қыздары енді намысын қытайға береіп қоймасы анық. Қане қыздар, өздеріңіз жауап беріп көріңіздерші. Сіздерге, жігіттер жетіспей жүрме? Қазақ жігітін өзгеге айырбастай аласыздар ма?
Тұрдыбек Құрметханның Фейсбук парақшасынан