Ұлттық банк төрағасы Данияр ақышев Ақ Ордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында валюта бағамына қатысты болжамдарымен бөлісті.
«Қазір биржада біз көріп отырған бағам Ұлттық банктің араласуынсыз қалыптасып отыр. Валюта айыбрасының қазіргі бағамы мұнай, Ресей ріблінің бағамы, Қытай мен Ресей сынды елдердегі экономикалық жағдайға байланысты сыртқы факторларға сай келеді. Теңге қазіргі уақытта рубльге қарағанда басымдыққа ие болып отыр. Бағамның жақын күндері өзгере қоюы екіталай. Жағымсыз сценарилердің біразы осы уақыта дейін болып қойды» деген Д. Ақышев бұл мәселеде мұнай бағасына бет түзейтіндерін айтты.
«Егер мұнай бағасы барреліне 40 доллардан төмендесе, валюта бағамына түзету енгізуге мәжбүр боламыз» деді ол.