«Əлем аруы-2015» байқауында бағын сынайтын қазақстандық Регина Вандышева оған әзірлігі туралы айтып берді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708203944311_small.jpg

Қазақстандық ару Регина Вандышева Қытайда өтетін «Əлем аруы-2015» сұлулық байқауына қызу дайындық үстінде. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен үшін елімді халықаралық додада таныстыру үлкен мəртебе. Қазір спорттық сайысқа, дефилеге, ұлттық киім байқауына дайындыққа барынша кірісіп жатырмын. Ұйымдастырушылар бір ай бойы қатысушыларды қатаң бақылайтын болады», - деді ол. 

Қазақстанның ең əдемі аруы шығармашылық байқауға дайындап жатқан нөмірі туралы айтып берді. 

«Контемпорари стилінде би дайындап жатырмын. Қазір шеберлігімді шыңдай түсу үшін жаттығу залында, кросс-фит, фитнес залда дайындалып жүрмін. Өзімнің демеушім Sherri Hill киімдерін киемін. Бірақ ұлттық нақышта дизайнер Аида Қауменованың тіккен көйлегімен шығамын»,- деді ол.
Жақында ғаламторда Регинаның əлемдік додаға дайындығы туралы бейнетаныстырылымы жарық көрді. Бейнероликте Регина Қазақстанның көркем жерлерін таныстырып, өзінің болашаққа деген жоспарымен бөлісті.
«Əлем аруы-2015» байқауы Қытайдың Хайнань аралында 19 желтоқсанда өтеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар