Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қаламгер Төлен Әбдік «Түркі әлемінің үздік жазушысы» атанды. Түркияның Эскишехир қаласында өтіп жатқан «Әдеби журналдар редакторларының VI құрылтайында» қазақ жазушысы Төлен Әбдікке мәртебелі атақ салтанатты түрде табыс етілді. Қазіргі таңда қаламгердің шығармалары түбі бір туыс 13-тен астам елдің тілдеріне аударылып, кеңінен таралып жатыр. Сондай-ақ құрылтайға қатысушы түркі мемлекетінің жазушылары ортақ әдеби құндылықтарды насихаттаудың маңызды жолдарын қарастырды. Жиын соңында Түрік кеңесіне мүше елдердің «Жазушылар одағын» құру туралы шешім қабылданды. Төлен Әбдік, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері: - Менің шығармашылығымды қолдап, 2013 жылы Түрік дүниесі әдебиетінің «Жыл адамы» деп хабарлап, менің шығармаларымды барлық түрік тілдеріне аударып, халыққа таныстырып жатқан қаламдас әріптестеріме мың да бір рахмет айтқым келеді. Якуп Омероглы, Еуразия жазушылар одағының төрағасы: - Бұл жерге Түрік кеңесіне мүше мемлекеттер Түркі әлемі жазушылар одағын құрайды. Бұл ұйым түрік халықтарының әдебиеті мен мәдениетін жақындастыруға үлкен қызмет көрсетеді деп ойлаймыз www.24.kz