Марфуға Шапиян: Украин қызы елінің жеңіске жететініне сенімді

/uploads/thumbnail/20170708151252145_small.jpg

Кеше бізге Коперник университетінде саясаттану факультетінде докторонтурада білім алып жатқан Марианна атты украин қызы "Куда направляется Украина?" деген тақырыппен дәріс оқыды. Алдымен "Қазақстан БАҚ-тары Украинадағы жағдайды қалай жазып жатыр?" деген сұрақты қойып, біздің пікірімізді тыңдаған ол, барлық дүниенің алғашында бейбіт түрде басталғанын, соңы осындай жағдайға ұласқанын айтты. Еліндегі жағдайды айтқанда етжүрегі елжіреп, Майданның қақ ортасынан досы түсіріп жіберген суреттерді көрсеткенде тіпті жылап жіберуге аз қалды. Негізі о баста халық саяси істерге араласуға құлықсыз болған екен. Сайлауларда дауысты кәрі-құртаңдар беріп, жастар көп жағдайда тыс қалып отырған. Бірақ елдегі әлеуметтік жағдай, президенттерінің Ресейге жағынуға тырысқан жанкештілігі қарапайым халықтың ашу-ызасын бір-ақ күнде бұрқ еткізген. Соңы Майдандағы қанды қырғынға ұласқан. Біз Марианнадан: "Халық босқа қырылып қалған жоқ па? Бұл әрекеттерінен нәтиже шығады деп ойлайсыз ба?" деп сұрап едік, украин қызы елінің жеңіске жететініне сенімді. Бүркіттің халық жағына шығып жатқанын, кей биліктегі адамдардың шетелге кетіп жатқанын, қазіргі билік ғұмырының бітуіне аз қалғанын ерекше сеніммен айтқан еді. Рас, мен де тыныштықты жақсы көремін. Бірақ украин халқының азаттықтары жолындағы күресін жоғары бағалаймын. Бар жан-тәніммен олардың толық жеңіске жетуін тілеймін. Ал біздің елде ондай қанды қырғын ешқашан болмасын!

(автордың фейсбуктегі парақашсынан алынды)

Қатысты Мақалалар