Украинаның экс-премьері Тимошенко қамаудан босатылады

/uploads/thumbnail/20170708151251929_small.jpg

Украинаның Жоғарғы радасы көпшілік дауыспен Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенконы босатуға мүмкіндік беретін заң қабылдады, деп хабарлады Утро.ру

Экс-премьер кінәлі деп танылған Украина ҚК 365-бабы (билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану) қылмысқа жатпайтын болып өзгертілді. Бұл шешімге 365 халық депутатының ішінен 310-ы жақтап дауыс берді.

Экс-премьер жеті жылдық мерзімін Харьков облысындағы колонияда өтеуде. 2011 жылғы қазанда Киевтің Печерский аудандық соты оны 2009 жылғы Ресеймен газға байланысты келісім жасасқан кезде өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптады да, жеті жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сот сондай-ақ Тимошенконың мүлкін тәркілеп, оған «Украинаның Нафтогазы» ҰАК-қа $200 миллион төлеуге міндеттеген.

Кейіннен экс-премьерге төрт эпизод бойынша жаңа айып тағылып, төрт қылмыстық іс бір өндіріске біріктірілген болатын.

11 ақпанда Тимошенкоға Украина президенті әкімшілігінің басшысы Андрей Клюев барды. Оппозициядағы дереккөздердің хабарлауынша, келіссөздер тақырыбы саяси дағдарыстан бірлесіп шығу жолын қарастыру, Өңірлер партиясы мен Жоғарғы рададағы «Батькивщинаның» күштерін біріктіру жайында  өрбіген.

Келесі күні экс-премьер президент Виктор Януковичке ашық пікірсайысқа шығуды ұсынды.

Қатысты Мақалалар