Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран және жолдың нашар көрінуі) Қазақстанда 6 облыста жолдар жабылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметіне қарағанда, Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, Қостанай және ОҚО-да жолдар жабылған.
Аөтөбе облысында а/ж "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" 0-258 шақ.Қандыағаш-Шалқар аралығы; "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань) 246-330, Қарауылгелді-Атырау облысы шекарасы аралығы; а/ж "Ақтөбе- РФ шекарасы (Орск) 75-135 шақ, Көсістек-РФ (Орск) аралығында жүк көлігі үшін қозғалыс шектелді. Алматы облысындағы а/ж "Сарыөзек-Көктал" 8-276 шақ. Сарыөзек-Алтынемел бөлігі, а/ж "Үшарал-Достық" 83-173 шақ Көктума-Достық аралығы автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Шығыс - Қазақстан облысында: а/ж "Семей-Қайнар", 8-276 шақырымы, Семей-Қайнар бөлігі және «Омск-Майқапшағай» аж 910-1002 шақ Қалбатау-Көкпекті аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Жамбыл облысындағы а/ж "Алматы-Ташкент-Термез" 529-593 шақ, Шебзавод-ОҚО шекарасы жүк автокөліктері үшін қозғалыс жабылды. Қостанай облысында ауа температурасы -35 градус суық болуына байланысты дизельдік көліктер үшін жолдар жабылды. Алматы облысында «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-612 шақ, Жамбыл облысы шек-Ақ биік аралығында жүк көліктері үшін өозғалыс тоқтатылды.