Шешен сотталады, ұйғыр сұралмайды...

/uploads/thumbnail/20170708151309857_small.gif

Біздің санамызды орыстілді ақпарат жаулап алған ғой. Соның бір дәлелі мынау. Ақ алақан зиялы қауымнан тарып күстабан қара жұртқа дейін шешен десе тыжырына қалады. Басқасына келгенде кібіртіктеп, мыңқылдап қалатындардың денінің шешенге келгенде көзқарастары ерекше айқын. Кектеніп, тістеніп, кіжініп кететіндері тағы бар. Ілуде бір кездесетін өліп қалған ұлтшылдықты осындайда ғана көресің. Таңырқайсың. Ал, сол шешен қазақтан жер талап қылып па еді? Жетісуды жекешелейік деп ұрандатып па еді? "Мемлекет сендердікі, жер біздікі" деп ұрандатып па еді? Етіңнен ет кесіп алса бір сәрі ғой, жалған жазғышсымақтарына "Уйгурская держава" деген жалған тарихи кітабін жаздырып, тұтас Жетісуды ұйғырдың жері деп оттағанын ұмыта қалдық па? Шелекте, Малыбайда ұйымды, жоспарлы түрде тудырған шатақтарын ұмытып қалдық па? Ендеше, атажауың орыстың әуселесін бір сәтке болса да басқан, үрейін ұшырған шешен сенің ата жауың ба еді, қазағым-ау? Ұзаса ұры шығар, ұзаса, тентек шығар. Ол кімде жоқ? Ал, жеріңнен есек дәмелілерге келгенде неге үнсіз қаласың, қазағым? Әлде, шешеннің Астанада отырған Акасы жоқ болғасын батырсынып жүрсіңдер ме, тегі? Ал, жаман сарттың жетісуда тайраңдағанына үнсіз көнетінің сол Астанадағы "Акадан" "ыққаныңнан ба, әлде? 2. Шешенге жан басып отырғаным емес. Шешеннен тентек көп шықса шыққан шығар, бірақ, олар біздің елді бөлшектеуді, териториялық тұтастығымызға қол сұғуды ойлаған емес. Ал, жаңағы сарттар болса, батыстың айтақтауымен қытайдан ала алмған есе-теңдігін қазақтан алмақты жоспарлап отыр. Күрдтер Түркиядан есе-теңдік ала алмай, Ирақ терістігін егемен ел іспетінде ұстап отыр ғой, керек десең, Америкаға арқа сүйеп, тұтас Ирақты осы күнде күрд билеп отыр. Осы күн біздің басымызға келе ме деп қорқа беремін. Астананың тізгіні ала ниет, ала тақиялы, ала көз сартқа өтіп кеткен күні көресіңді көріңе кірмей тұрып көресің, қазағым... Алла сонан бізді сақтасын...

Жарқын Жеті

87756422727

Қатысты Мақалалар