Бүгін, яғни 2014-жылдың 26- ақпанында Астана қаласы, Жастар сарайында В. Жириновскийдің, Г. Зюгановтың, Э. Лимоновтың Қазақстан жерін бөліп алу, Ресей құрамына кіргізу туралы мәлімдемелеріне байланысты жиналыс өтеді.
Бұл жағдайды еліміздің тәуелсіздігіне, жеріміздің тұтастығына төнген қауіп деп бағалауға болады. Себебі В. Жириновский мен Г. Зюганов екі партияның жетекшісі, ресми тұлғалар. Ресей Мемдумасының басшы, мүшелері. Э. Лимонов 2003-жылы Қазақстанның солтүстігін басып алу үшін арнайы қарулы топ жасақтап, сол үшін сотталған адам. Сондықтан, бұл мәселеге терең мән беріп, дайындық жасамаса болмайды.
Жиналыста аталған мәселеге байланысты "алдағы уақытта қандай шаралар жасалады?", "не істейміз?" деген сұрақтар бойынша мәселелер көтеріліп, жоспар жасалады.
Тәуелсіз Қазақстанның еркіндіксүйгіш ұландары бас қосып, осы мәселені талқылауға, нақты шешім қабылдауға, тегеурінді тосқауыл қоюға шақырамыз.
Өтетін орны: Астана қаласы, Жастар сарайының
(Республика даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысы)
3-қабатында, 326а кабинетте, сағат 19.00де
Байланыс үшін: 87011486815 Болатбек Блялов,
87059997868 Мақсат Ілиясұлы