Светлана Алексиевич, "Нобель" сыйлығының иегері: ОРЫС ҚАЗАНЫНДА НЕ ҚАЙНАП ЖАТҚАНЫ БЕЛГІСІЗ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708205856678_small.jpg

Биыл әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын посткеңестік кеңістікте, орыс тілділер арасында алғашқы болып Белорусь жазушысы Светлана Алекссевич алды. Жазушының жоғары марапаты 20 жылдан бері кітаптары шығарылмай келе жатқан Беларусияда да, билік басындағыларға айтылған сыны жақпайтын Ресейде де ешкімнің қызығушылығын туғызбады.

Жақында жазушы Euronews арнасының тілшісі Наталия Ричардсон-Викулинаға сұхбат берді. Назарларыңызға Нобель сыйлығы, ұшқыш Надежда Савченко және соғыс пен туралы сөз еткен сол сұхбатты ұсынамыз.

Наталия Ричардсон-Викулина, Еуроньюс: Светлана Александровна, ең алдымен арнамызға сұхбат беруге келіскеніңізге рахмет айтамыз. Жалпы, қаншама жазушы Нобель сыйлығы туралы тек армандап өтті. Аталған наградаға ие болған соң Сіздің ішкі әлеміңіз қалай өзгерді?

Светлана Алексиевич: Сондай ұзақ уақыт өтпеді, сол себепті де мен ол күйді толық кешіп жатқам жоқ. Қазір маған жат ритмдер, сапарлар көп болып тұр. Сондықтан бұл туралы айтуға әлі ерте болар.

Наталия Ричардсон-Викулина, Еуроньюс: Бірақ Сіз өз ықпалыңыз, қоғамдағы салмағыңыз өзгергенін байқаған боларсыз?

Светлана Алексиевич: Менің ұстанымдарым еш өзгермеді, бәрі бұрынғыша. Бұрын айтқандарымды әлі айтып жүрмін. Алғашқы баспасөз мәслихатында менен Украина туралы сұрады. Мен ол елдегі жағдайдың оккупация екенін, Путин азаматтық соғыс бастағанын айттым. Азаматтық соғысты кез келген елде бастауға болады. Беларусияда поляктар мен белорустарды қарсы қоюға болады дегендей. Осы пікірлерім үшін маған Путиннің баспасөз хатшысы Песковтің өзі жауап берді.  Мен оған Украин халқына қолдау ретінде кітаптарым мен хат жібердім. Бірақ, қазіргі жағдайда сен мейлі үш дүркін Нобель сыйлығының иесі болсаң да билік иелері саған жауап қатпайды.  

Наталия Ричардсон-Викулина, Еуроньюс: Сіз билік иелері дегенде Лукашенко мен Путинді айтып отырсыз ба?

Светлана Алексиевич: Йә.

Наталия Ричардсон-Викулина, Еуроньюс: Ал, Лукашенко Сіздің сыйлық алғаныңызды қалай қабылдады?

Светлана Алексиевич: Горбаечевтен, Германия, Франция президенттерінен кейін кеш бата құттықтады. Бірақ, елде сайлау болып жатқан, шетелдік бақылаушылар көп жүрді. Қалай сайлау аяқталды, ол мені елді қаралап жүрсің деп айыптады.

Наталия Ричардсон-Викулина, Еуроньюс: Яғни, Сіздің Лукашенкомен ара қатынасыңыз жақсармаған болды ғой?

Светлана Алексиевич: Жоқ-жоқ.

Наталия Ричардсон-Викулина, Еуроньюс: Сіздің Нобель сыйлығын алуыңыз Ресей қоғамын дүр сілкіндірді. Ресейліктердің көбі Сіз сыйлықты Путинге қарсы ұстанымдарыңыз үшін алдыңыз деп санайды. Бұны Сіз қалай қабылдадыңыз? Әлде осындай пікір болатынын білдіңіз бе?


Светлана Алексиевич: Жоқ, мұндай ештеңе күтпедім. Әсіресе, жазушылардан мұндайды күтпедім. Мен Ресей қоғамы осынша деңгейде сырқат деп ойламадым. Бірақ, ең аяғы Нобель сыйлығын алған жазушыларға дейін өз елдерінде сол ауруға шалдыққан. Бунин де, Солженицын да, Бродский де, тіпті Пастернак та. Қандай ел екенін түсіне алмай қойдым.

Наталия Ричардсон-Викулина, Еуроньюс: Мәселе Путинде емес шығар бәлкім. Мүмкін Сіз ресейлік қоғамның және ресейліктердің жанды жерлерін тауып басқан боларсыз? Оларға соныңыз ұнамаған болар?

 

Светлана Алексиевич: Мұның себептері көп. Біріншіден, мен ресейліктер лайықты деңгейде қабылдамайтын кішкентай ғана ел Беларусияданмын. Белорусь тілі деген олар үшін былғанған орыс тілі емес пе? Ал, сол елдің жазушысы сыйлық алуы олар күтпеген жағдай болды. Одан кейін мен айналысып жүрген жанр мәселесін де айта кету керек. Ресейліктер жалпы жаңалықтан тыс қалған. Олар әлемге ашылмады. Ол жақта либерал сөзі жағымсыз мағынаға ие. Оларға Путин айтып жүрген «Ресей – ұлы, айналасы толған жау» деген сөз жақын. Бұл ескі түсіністік халық санасынжда қалып қойған. Бір-біріне бауыр екі халықты бірнеше ай ішінде бір-бірімен соғыстырып қоюды елестетудің өзі қиын. Менің анам украин қызы, әкем – белорусь. Көбінде солай. Бірақ, соған қарамастан соғыс болды. Қазіргі технологиялар заманында адамға кез-келген нрсе істеуге болады екен.

 

Наталия Ричардсон-Викулина, Еуроньюс: Сіз қазір Ресей түрмесінде отырған украин ұшқышы Надежда Савченконы босату керектігін айттыңыз. Сіз үшін ұшқыш қыз Украина азаттығы мен үмітінің символы болып санала ма?

 

Светлана Алексиевич: Йә, мені ол әйел бір сілкіп тастады. Алғашқы тергеу кезіндегі оның әрекеттері менің көз алдымда. Қаншама дөрекі еркектер оған тап бергенде өзін сабырлы ұстады. Былай қарасақ, жай ғана әйел. Бірақ, біз Жанна д Аркты көріп отырмыз. Оның көргенін кез-келшген еркек көтере алмас еді.

 

 

Наталия Ричардсон-Викулина, Еуроньюс: Сіз өз шығармашылығыңызда кеңестік және посткеңестік кеңістіктегі адамдардың тағдырын жазып жүрсіз. Сіздің ойыңызша кеңестік адамдардың шіркеуге оралуы қаншалықты заңды құбылыс? Қазір Ресейде сенім мен насихат арасына шекара қою мүмкін бе?

Светлана Алексиевич: Менің ойымша, Ресейде маркстік идеология басымдық алып кетті. Ол идея биліктен айрылғанда адамдар тіреусіз қалды. Сол кезде олар шіркеуді іздеді. Шіркеуге келді. Шіркеу олар үшін баруға болатын жалғыз орын еді. Бірақ, соңғы он жылда бұрынғы шіркеу қалмады. Шіркеу насихат жүргізу құралына айналып кетті.

Наталия Ричардсон-Викулина, Еуроньюс: Бірақ, Сіз Ресейге деген сенімді жоғалтпаған боларсыз?

Светлана Алексиевич: Жоқ, жоғалтпадым. Бірақ, орыс шовинизмі бас көтеріп бара жатқан сияқты. Бұл қорқынышты құбылыс. Ресейде Путиннің ту сыртынан кім қарап тұрғаны белгісіз. Ешбір философ, футурологтың бұл елге қатысты болжамдары ақталмады. Орыс қазанында не қайнап жатқаны беймәлім.

 

Наталия Ричардсон-Викулина, Еуроньюс: Ал, Украинаның Еуропада болашағы бар ма?

Светлана Алексиевич: Бар деп ойлаймын. Жақында Украинада да болдым. Киев-Могилян академиясында, Майданда болдым. Адамдарымен, әсіресе, жастармен әңгімелестім. Мен Украина Ресей шекпенінен шығып, Еуропаға, басқа әлемге ұмтылған алғашқы ел деп білемін. Бірақ, барлығы қан төгіске ұласқаны өкінішті. Ресей Украинадан оңайлықпен ажырағысы келмеді. Украина енді еркін ел болады.

 

Наталия Ричардсон-Викулина, Еуроньюс: Барлық шығармаңыз қымбат екені түсінікті. Бірақ, өзіңізге қай еңбегіңіз бәрінен де жақын?

 

Светлана Алексиевич: Маған олардың барлығы қымбат. Мен барлығын сүйем. Тек олар әртүрлі жағдайда жазылды. Егер, «Чернобыль дұғасын» алсақ, онда интеллектуалдық ізденістер көп болды дегендей... Бірақ, ешбір кітабым қиындықпен жазылды деп айтпас едім.

Наталия Ричардсон-Викулина, Еуроньюс: Сөз соңында шығармашылық жоспарыңызды айта кетсеңіз...

Светлана Алексиевич: Мен «Қызыл адам» циклындағы кітабымды аяқтадым. Енді әйел мен ер арасындағы махаббат туралы жазатын шығармын.

Дереккөз: ru.euronews.com

Қатысты Мақалалар