«Қазақтарды сіңіріп жатыр»

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Қытайдың «Халық» газеті «ханзулар аз ұлттарды сіңіріп жатыр» деген көзқарасқа орай мынадай ақпарат жариялады:

Қытай мемлекеттік ұлттық істер комитетінің басшысы Дань «аз ұлттарды қытайлар сіңіріп жатыр» дейтін пікірге келіспейтіндігін жеткізді. «Біз мынадай екі түрлі теріс пікірмен келіспейміз. Бірі, қытайша ортақ тілде сөйлесе қытайларға сіңіп кетті деу, енді бірі, ұлттық тілде сөйлегендерді «ұлтшыл» атандыру. Мұның екеуі де қате көзқарас», – деді ол 17 мамырда сөйлеген сөзінде. Мемлекеттік кеңестің аталмыш жиынында тағы бір тілші: «мемлекеттік ортақ пайдалалынатын тіл-жазу мен аз ұлттардың тіл-жазуы арасында қандай байланыс бар?» деген сұрақ қойды. Дань  бұл сұрауға: негізгі заң бойынша, әр ұлттың өз тіл-жазуын пайдалану және дамыту еркіндігі бар, сондай-ақ, мемлекет бүкіл еліміз бойынша жаппай пайдаланатын ортақ тіл - қытай тілін жалпыластырады, сондықтан бұл екеуін бір-біріне қарама-қайшы қоймай, дұрыс түсінуіміз қажет», - деп жауап берді.

Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса. Біреудің еліне барып «қазақтарды сіңіріп жатсың» деп өкпелеу аспанға тас лақтырғанмен бірдей. Оның орнына «қандастарымызды қайтсек көшіріп аламыз?» деп бас қатырғанымыз жөн шығар.

     

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар