ҚАЗАҚША МӘУЛІТ. НӘБИ ЖЫРЫ

/uploads/thumbnail/20170708211026235_small.jpg

Арғынбек Апашбайұлы (1883-1946)

Мәуліт Нәби қиссасын оқудың тәртібі

Үш бұ(Бұл) мәулітті әуелі кәлимә шәһәдәт атымен бастау, онан соң төмендегі түсінігін айту, мәуліт оқып болған соң бар болса Құран хатим оқу, жоқ болса ықылыапс сүресі мен екі муаззатайын(?) сүресімен бастап, фатиха, ағылам, аятүл күрси мен салауат мақбуламен аяқтатып, сауабын Алланың ризалығы үшін Мұхаммед саллаллаһү ғалайһи уәссаламға және оның әулеттеріне, досы болған төрт сахабаларға және сахабаларына арнайы бағыштауға болады. Алла қабыл етсін!

Бисмиллаһир рахманир-рахиим. Әлхамдулиллаһи раббил

 ғаламиин. Уәл ғақибәтүл лил -мүттәқиин уас-соләәту уәс-сәләәму ғала хойри холқиһи мухаммадин мустақим иа әминә иа раббил ғаламиин.

Түсінігі

Ән-хазірет Мұхаммед Мұстафадан риуаят  келділер.Айтты: Менің үмметімнен кімде-кім мені көңіліне алса,ол менің шапағатымнан үміт қылса, бұл Мәулітті оқыса немесе мен үшін оқимын десе(?) Құдай-Тағала ол пенденің ғамал-насиха  Қағбатұлланың сауабын жазғай. Оған 124 мың пайғампардың сауабын жазғай. Таңда Мәқшәр күнінде ол пендеге 61 мәрте  рахмет назірі бірден қарағай. одан ол пенде үшін Жәннәттан орынбағышлағай. Ондағы бір пенде мұны оқып тәмәм қылса, Құдай-Тағала уә Тәбәрәк Жәбрәилге пәрман қылғай. Ғарши-Күрси періштелері оның қасына жолдас болып тұрсын. Онымен бірге тасбих тахил айтып, сауабын ол пендеге бағышлағай. Осы салауат  мәуліт шәріптің 100 түрлі қасиеті бар дүр Иншалла.

Мәулітке келген жамағат,

Қуанышты қаба-қат,

            Шын жүректен тілейік,

Бір Расулден  шапағат.

 

            Ал құлымдеп бір Алла,

            Қылады бізге мархабат.

            Құрметіне бас иіп,

            Айтайық тұрып салауат:

Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә расулуллаһ

Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хабибуллаһ

Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә халилуллаһ,

Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә нәбиуллаһ,

Әссәләтү уәссәләмү  ғаләйкә йә хафиуллаһ,

Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хайра халқиллаһ

    Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә мән ахтәләраллаһ

    Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә мән әрсәләһуллаһ

    Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә мән зәйәннәһүллаһ

    Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә мән шәррафәһұллаһ

Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә мән калләмәһүллаһ

    Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә мән ғаххамаһұллаһ

    Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә сәиидәл мұрсәлин

    Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә имәмүл мүттақин

    Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хатамүн нәбиин

Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә шәғимәл мұзнибин

Әссәләтү уәссәләмү  ғаләйкә йә расулүл ғаламин

 

Саллалаһү Мұхммед,  Расулалла Тағала ғалайһис-салам уә баррик ғалайһи ажмағиьн.  Саллалаһү Мұхммед,  Расулалла Тағала ғалайһис-салам уә баррик ғалайһи ажмағиьн. 

 

 

Алланың жан қуанышы, ұлық аты,

Ғаламға он сегізмың рахметі.

Аллаһүммә салли ғалә сәйидина Мұхаммедин уә алиһи уә саһбиһи ажмағиьн. Аллаһүммә салли ғалә сәйидина Мұхаммед уә алиһи уә саһбиһи ажмағиьн.

Достысы пайғамбардың салауаты,

Досымды екі дүние ұмытпа деп,

Құдайдың пендесіне аманаты.

Құдай бір, Құран шын, Пайғамбар хақ,

Сонда болар иманның саламаты.

Адал  жолмен жүрмеген адам пенде,

Кетпейді екі дүниеде жаманаты.

Дүниеде жаман қандай жақсы қандай

Көрініп тұр емеспе адал аты.

Дүниеде жаратылған адам пенде,

Ұрпағы жер жүзіне таралғанда.

Құдай бір, Құран шын,деп Пайғамбар хақ,

Бір тарап мұсылман боп жаралғанда,

Біреуі адамзаттың кәпір болар,

Кіруге жаһаннамға батыр болар.

Құдай бір деген сөзге қарсы болып,

Ішіне 7 тамұқ жатар болар.

Мұсылман деген адам Құдайды ойлар,

Құдай жолы дегенге тағы бойлар,

Иманы жолдас болып өткен пенде

Жұмақта қор қызымен анық ойнар.

Тілегі екі дүниеде қабыл болып,

Жетісіп мұратына күнде тойлар.

Алла демей адамға иман қонбас,

Пайғампарды айтпаса тағы болмас.

Алламен пайғампарды бірдей күтсе,

Мұылманға иманы сонда жолдас.

Дүниеге нұр Мұхаммед келген екен,

Ғаламға Тәңірім рахмет берген екен.

Жер жүзі бәрі кәпір болсадағы,

Аз жылға дінге салып жеңген екен.

Неше мың-мың кәпірді қойдай қырып,

Ақырында хақ дінге салған екен.

Пайғампар туған айы Мәуліт депті,

Тыңдаңыз дін Мұсылман осы гәпті.

Сөйлейін қазақ тілмен ұғындырып,

Уақыты сөлелетін енді жетті.

Бағдат деген шаһар  бар Арабтағы(Ирақтағы),

Тұратын қанша арабтар Ғараптағы.

Бар еді бір данышпан сопы қатын,

Істейтін тақуалықпен санаттағы.

Сөйтіп жүріп дүниеден қайтып кетті,

Бұйырған бақи орны жәннәттағы.

Артына Палор деген асыл қалды,                                               

Баласы үшін мирас қып ала ат тағы.

Артында жалғыз ұлы жетім қалды,

Шешені ойлап жүдеді күндіз-түні.

Бұл бұйымды мен сатып алайын деп,

Түс көрді мұны ойлап жатқан күні.

Түсінде көп жамағат жиылыпты,

Бір адам қойдай қамап иіріпті.

Мәуліт оқып шуылдап жатыр екен,

Көз жасы көлдей болып құйылыпты.

Түсте болса қиямет болған екен,

Жердің жүзі адамға толған екен.

Періштелер жүр екен айғай салып,

Ортасна Жұмақ келіп қонған екен.

Сегіз сарай Жұмақтың бәрі даяр,

Көрген адам нағылып жанын аяр.

Ортасында бір сарай тұрды бөлек,

Жанның бәрі жапырлап бермейді аял,

Мәулітті оқытқан жан кіреді деп,

Айғайлап періштелер жұртқа жаяр.

Жүгіріп ол сарайға барды бала,

Кіруге бек қызығып көңіліне ала.

Мәулітті оқытпаған кірмейді деп,

Баланы тоқтатады айғай сала.

Тұрады ұйқысынан қайран қала,

Көз алдында тұрғандай көрінеді.

Болмайды дүние жүзі оған пана.

Бұйымды енді апарып бала сатты,

Тамақ алып даярлап аласатты.

Жұртты жиып, оқытып ,Мәуліт жасап,

Жас бала мұндай іс қып таңырқатты.

Мәулітті жылда оқытып, ғадет қылып,

Ақырында қарасаң мұрат тапты.

Ол балаға бір күні ажал жетті,

Күліп жатып дүниеден бала кетті.

Өлген жоқ деп жұрт жиылып аңтаң қалып,

Тамыршы бір дәрігер даяр етті.

Ұстады тамырын сонда дәрігер,

Япырмай өлген екен бұған не дүр?

Сонда бала көтеріп алды басын,

Мен сырымды айтайын үндемеңдер,

Бала айтты, маған Алла нұры түсті,

Өлшеусіз рахметінің бірі түсті.

Орнымды Жұмақтан көріп жаттым,

Жамағат ойлаңыздар бұл бір  істі.

Жылда оқытқан Мәуліттің шарапаты,

Құдіреті Құдайымнің сондай күшті,

Мәулітті дін мұсылман тастамасын,

Келген де уақыты толып жазы-қысы.

Бұл бала осылайша айтты сөзін,

Иманын тағыда айтып жұмды көзін,

Мәулітті жылда оқытқан шарапаты,

Ақиқат деп біліңіз мұның өзін.

Майдан қылды тартқандай жұмсақ болды,

Ажалдың мархабты көрді тезін,

Тажыла нұр дейтұғын бір белгі бар,

Әсілі бір Алладан болған сезім,

Тозақтан құтылайын десеңіздер,

Бұл үшін бір уайым жесеңіздер,

Ықыласпен салауат айтыңыздар,

Пайғампарды анық дос көрсеңіздер,

Тұрмасаңыз боларсыз оттан нажат,

Руқ шәрплеріне айтыңыз тұрып салауат:

Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә расулуллаһ

              Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хабибуллаһ

                  Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә расулуллаһ

             Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хабибуллаһ

                  Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә расулуллаһ

            Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хабибуллаһ

 

РАХМЕТ ЖЫРЫ

Алладан рахмет тілеген,

Иманын тілеп жүдеген.

Жұмақтан орын сұраған,

Сақтанып жүрген күнадан,

Мұсылман болған пенделер,

Оқыңыздар Мәулітті.

Тозақтан қорыққын мұсылман,

Хақ жолына ұсынған,

Құдайды білген әрбір жан,

Иманын ойлап қысылған,

Мұсылман болған пенделер,

Оқыңыздар Мәулітті,

Жұмақтан орын ойлаған,

Салауат айтса тоймаған,

Жылына Мәуліт оқытып,

Жүрекке таупиық орнаған,

Мұсылман болған пенделер,

Оқыңыздар Мәулітті.

Ойласаңдар жарандар,

Дүниеден  ақыры көшпекті,

3000 жылдық Сираттан,

Таймай зырлап өтпекті,

Ар жағында жайнаған,

Бейішке барып жетпекті,

Мұсылман болған пенделер,

Оқыңыздар Мәулітті.

Айтыңыздар салауат,

Мұсылманға аманат,

Тыңдаңыздар жамағат,

Осы күндер құрметті,

Салауат тұрып айтыңдар,

 Пайғампар туған күн жетті:

Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә расулуллаһ

              Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хабибуллаһ

                  Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә расулуллаһ

             Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хабибуллаһ

                  Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә расулуллаһ

            Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хабибуллаһ

Айтыңыздар әуелі Алла атын,

Қолынан аямайды мархабатын,

Әр істі Алла атымен бастағанда,

Рахметі бір Алланың тұрар жақын.

(Лә Илләһә Илләлләһ) деп көп айтыңыздар,

Осы сөз көп күнәдән тазартады.

Өзі жалғыз, теңдесі жоқ, патша Құдай,

Біліңіз шек шүбасыз саламатын,

Пенделер ғапыл болмай тұтыңыздар,

Бұйырған бір Алланың аманатын,

Алланың өз құдіреті, басқа түк жоқ,

Ғаршы-күрсі Лауһі-Ғалам,Жерменен Көк

Адам, Пері жаралған мақұлықтар,

Бір құдіреттен басқаның еш бірі жоқ,

Жаратқан Құдіретімен мұның бәрін,

Күн деген жалғыз сөзбен дап-даяр боп,

Күн деген ғарапшасы бол деген сөз,

Бар болды бұл әмірмен осынша көп,

Ғаламда қыбырлаған мың-мың қисап,

Оқыңыздар достарым осылай деп,

Құдай бір деп шулайды барша ғалам,

Жаралған періштелер қисабы жоқ,

Салауат айтыңыз деп бұйырды Алла,

Достымды үммет үшін жараттым деп,

Тұрмасаңыз боларсыз оттан нажат,

Рух-шарпіне айтыңыз тұрып салауат:

Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә расулуллаһ

              Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хабибуллаһ

                  Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә расулуллаһ

             Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хабибуллаһ

                  Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә расулуллаһ

            Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хабибуллаһ                  

 

Құлақ сал мен мұсылман деген жандар,

Пайғампарсыз күні жоқ патша-хандар,

Бір Құдайым достысы нұр-Мұхаммед,

Шапағатсыз күн қараң, біліп аңғар.

Алланың рахметіне жолығады,

Мәулітті жылда оқытқан сол пенделер,

Салауат айтып, тілеп шапағатын,

Туғанын баяндаған сөздері бар.

 Жаратты патша Құдай қанша ғалам,

Дүниеге ұрпақ қылып Хазірет Адам

Жаратты топырақтан атамызды,

Бас қойып періштелер бәрі тәмам,

Періштеге Атамыз имам болды,

Ұйыңдар деп бұйырды хақ Тағалам,

Маңдайында бір нұр бар жарқыраған,

Періштелер таң қалып қалтыраған,

Не нәрсе деп сұрайды Құдай-ау деп,

Бұл адамның алдында жарқыраған,

Періштеге сонда Алла хабар қылды,

Жарлығын бір Алланың бәрі білді.

Бір достым бар туатын дүниеде,

Соған арнап жараттым осы нұрды,

Адам ата пайғампар өз қолында,

Неше заман, қанша жыл сонда тұрды,

Шиш деген бір пайғампар бала туып,

Орнатты соған әкеп осы нұрды.

Ибрахим және Смағұл пайғампар боп,

Нұр көшіп туған сайын келіп тұрды,

Осы нұр бізден-бірге көшіп қонған,

Нұр келіп қонған жанның көңілі толған,

Адам ата Расуллымыз екі арасы,

Бір есепте 49 ата болған,

Нұр қуалап келетін осы тарап,

Жаңалап бірден-бірге қонады артық,

Қабдолла Пайғампарым өз әкесі,

Нұр келіп, асылданып қонды балқып.

Талай патша қыздары ғашық болып,

Барсақ деп Қабдоллаға көңілі тартып.

Ғаламға аймен күндей мағлұм болды,

Қуаланды болған нұр, ескі салт,

Туатын пайғампарым күні жетті.

Арнаған хақ Расулдың нұры депті,

Салауат тағы тұрып айтыңыздар,

Шапағат жер менен көк үміт етті,

Тұрмасаңдар боласыз оттан нажат

Рух шәрпілеріне айтыңыздар салауат:

Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә расулуллаһ

              Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хабибуллаһ

                  Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә расулуллаһ

             Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хабибуллаһ

                  Әссәләтү уәссәләмү ғалайкә йә расулуллаһ

            Әссәләтү уәссәләмү ғаләйкә йә хабибуллаһ                  

Әмина пайғампарым анасы екен,

Әйелдің бірақ сүйек, данасы екен,

Анамыз шарапатты айналайын,

Хақ Расул жалғыз туған баласы екен.

Он екінші күні Рәбиәууел айында,

Түн ішінде бір жарық болды пайда.

Жер мен көк арасына ту тігілді,

Тігіл деген ұғыңдар енді қайда.

Біреуі шығыс, біреуі күн батыста,

Біреуі дәл Байтолла тұрған тұста,

Жап-жарық дүние жүзі нұр боп кетті,

Нұр бәйтерек орнаған осы тұста.

Қарады Әмина ана сонда аспанға,

Жолықты аң-таң қалып, бір сасқанға

Төрт періште жайып тұр нұрдан төсек,

Аты сонат деп айтты қолдасқанға.

Сондай бір ғаламат көрді белгі,

Қасына үш Қор қызы тағы келді,

Қайдан келіп қалғанын біле алмай,

Сүйінші деп айтады тағыда енді.

Сөйлейді енді Қорлар сонда кеңес,

Мұндай бақыт еш адамға берген емес,

Сенен туған баланың нұры бөлек,

Мұндай бала дүниеге келген емес,

Жаратылған ғаламның ең абзалы,

Дүниеден ешбір пенде көрген емес,

Он сегіз мың ғаламға тең болады,

Айтқан сөзі шарапат, ем болады.

Дүниеге жіберілген рахметі үшін,

Ашу жоқ, мінезі кең болады,

Пендеге бір Алланы танытады,

Иман тауып мұсылман кең болады.

Осылай деп ол Қорлар қуандырып,

Толғағын білдірмейді жұбандырып.

Тұр еді сонда Анамыз қатты шөлдеп,

Бір кесе тағы берді су алдырып,

Қардан ақ, балдан тәтті, өзі суық,

Ішіп еді уақыты болды жуық,

Дүние жүзі жарқырап нұр боп кетті,

Айналайын ол тақыр қалды туып,

Жер мен Көк жарқыраған нұр боп кетті,

Түн болсада күндізбен бір боп кетті,

Періштелер айғайлап, сүйіншілеп,

Көк пен Жер қозғалғандай дүр боп кетті.

Дүниеге Пайғампарым келген күні,

Дұшпандар сағы сынып жер боп кетті.

Айтайық түрегеліп орнымыздан,

72 қайтарып салауатты:

Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

        Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед.

       Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

       Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

       Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

       Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед.

       Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед.

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед.

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед.

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед.

      Саллаллаһү Мұхаммед, Саллаллаһү Мұхаммед,

      Саллаллаһ<

Қатысты Мақалалар