Журналистерде үй жоқ, сәйкесінше күй де жоқ

/uploads/thumbnail/20170708151352061_small.jpeg

Қазіргі қазақ журналистері ысылып келеді. Қандай қоғамдық жағдайларға болсын дереу үн қатып, тез талқылап, сынның да, салиқалықтың да тезінен шығарып жатады. Әсіресе, әлеуметтік желідегі журналистердің белсенділігінен шашылып қалған отарбаның өзі "шу" деп оталып кетердей... Бірақ сол журналистердің денінде үй жоқ. Сәйкесінше күй жоқ. Орыстардың «Нищий журналист не может быть нравственным» деген сөзі бар. Тіпті сол Напелеонның «Егер сен өз еліннің әскерін асырамасаң, басқа елдің әскерін асырайтын боласың» деген сөзін қазіргі журналистерімізге қарата айтуға болады. Журналистер мен шекарашылардың функциялары бір деп ойлаймын. Бірі – жердің тұтастығын, бірі – ақпараттық шекараның тұтастығын қорғайды. Ағартушылардың рөлін атқарып, жіктерді ажыратып отыр. Бірақ дәл сол шекарашыларға қарағандай көзқарас бар ма? Әлеуметтік мәртебесі қорғалмаған. Үй алуда жеңілдік жоқ. Жағдайы болмаған соң жалтақ. Арзан мүдде үшін әрнеге басын тығып, көбірек ақша табамын деп өнімсіз жұмыстың арасында шығармашылығын құрбанға шалып жатады. Cоған қарамай еңбек етіп жатыр, еңбек етіп жатыр... Кешегі «Ұлым дейтін елім болмаса, елім дейтін ұл қайдан болсынның» кері ғой... Шіркін-ай, біздегі әрбір кәсіпкер ең болмаса, бір белді журналистің жағдайына қарайласып, үй алудан ең болмаса 20-30 пайыз ақшасын көтерсе, онысын міндет қылып, мақтатқызбай, бұны қазақ журналистикасына қосқан үлесім деп түсінсе. Осы күнге бірге жетейік. Осы түсінікті бірге таратайық!

Азаматхан Әміртай

Қатысты Мақалалар