Интернет желісінде Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуалға қатысты пікір-сайыс ұйымдастырған саясаткер Айдос Садықов пен экономист Мұхтар Тайжанның әңгімесі елдегі саяси жүйені демократияландыру жолдарына келгенде қаққа жарылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Билікті халықтың талабына құлақ асуға эвалюциялық жолдармен де мәжбүрлеуге болады» деген М. Тайжанға А. Садықов «Тығырықтан шығудың жалғыз жолы - революция» деп жауап қатты. Мысал ретінде Грузия мен Украинадағы толқуларды алға тартты.
«Сол революциядан кейін Грузия территориясының 20 пайызы жоқ, Украинаның Қырымы мен Донбасы жоқ қой. Бізде де солай болғанын қалайсың ба?» деген сауалға А. Садықов «Қазақстан халқын дұрыс өмірге келтіру үшін кейбір «жертваға» бару керек. Ондай болады. Украина дұрыс жолмен келе жатыр», - деп жауап берді.
Қазір Киевте тұрып жатқан оппозициялық саясаткер бұл жерде Қазақстанның қай өңірін «жертва» етуге болатынын ашып айтпапты.