Дәурен Бабамұрат: Дөңгелек астында қалған қазақ қаншама?

/uploads/thumbnail/20170708151357850_small.jpg

Біздің билік те, жұрт та, өз қателігінен мүлдем сабақ алмайтын сабаздардың қатарынан екен. Екі күн бұрын Қордай асуында екі автобус соқтығысып, тоғыз адам мерт болғанда шұғыл шешім қабылдаған бір шенеунік көрмедім! "Ах" ұрып, безілдеп кеткен бір билік өкілінің жан айғайы, не болмаса өкінішін сезінбедім: "Алдын алуға болар еді ғой!" деген. Талай жерге хат жаздық та, пикет те өткіздік, түнгі рейске жол тартқан автобустармен де соғыстық. Нәтиже жоқ! Тек  айтарым, әсіресе қыста түн ішінде қалааралық автобустармен жолға шықпаңыздар!  Дөңгелек астында қалған қазақтың саны жылына мыңдап өлшенеді! Аллам қазақты сақтасын! Бірақ Жаратқанның тек сақтанған жанды ғана сақтайтыны әмбеге аян!

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар