Оңтүстік Қазақстан облысында тағы да шу шықты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Бұл жолы облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Мұқан Егізбаев науқастардың туыстарымен сөзге келіп, өз ойын жеткізу үшін былапыт сөздерге жүгінген. Қызық болғанда бас дәрігердің аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып отырған сәті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен.
Әзірге youtube желісінде екі видео жарияланды. Онда бас дәрігер ауруханада жатқан науқастардың туыстарымен сөйлесіп отырғаны, әңгіме барысында ашуға беріліп, өтініш жасап келген әйелдерді боқтағаны түсірілген.
Жансақтау бөлімінде жатқан науқастың туыстары дәрігерден науқастың жағдайын сұрап, барынша көмектесуін сұрайды.
Оған дәрігер: «Қолда бар көмекті жасап жатырмыз. Әзірге жағдай ауыр», - деп жауап береді. Оған қанағаттанбаған науқастың туыстары: «Осындай ауыр халге түсірген адамдар талтаңдап жүре бере ме?» деп дүрсе қоя береді. Бұл сөз бас дәрігердің шамына тиіп кетіп, ол айқайға басады.
Ескерту: ВИДЕОДА БЫЛАПЫТ СӨЗДЕР АЙТЫЛАДЫ!
Бірқатар ақпарат құралдары мәслихат депутаттығына кандидат болып сайлауға түсіп жатқанынын жазуда.
Облыстық денсаулықсақтау басқармасы әзірге М. Егізбаевтың бұл әрекеті туралы ресми ақпарат таратқан жоқ.
Пікір қалдыру