Н. Назарбаев: БҰЛ - БІЗДІҢ 25 ЖЫЛДЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДЕГІ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ҰЛЫ ЖЕТІСТІГІ

/uploads/thumbnail/20170708230715124_small.JPG

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының жеңімпаздар форумы өтуде, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Форумға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, партияға мүше танымал азаматтар, спортшылар мен әншілер қатысуда.

«Біз кеше жеңіске жеттік. Қазақстанның барлық көпэтносты халқы жеңіске жетті. Осы жаңа Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттардың сайлауы да өтті. Қазақстандықтардың 77 пайыздан астамының (сайлауға – ред.) қатысуы – рекорд. «Нұр Отан» сайлаушылардың 82 пайызының сенімін иеленді. Бұл да рекорд», - деді Елбасы.

Осындай рекордтық деңгейдегі сенім білдірген халыққа Елбасы ризашылығын білдірді.

«Біздің бірге екенімізді, біздің кез келген қиындықты жеңетінімізді көрсеттіңіздер (...) Бұл біздің 25 жылдық Тәуелсіздігіміздегі демократияның ұлы жетістігі», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының нақты нәтижелерін жария еткен болатын. Сайлау қорытындысы бойынша, «Нұр Отан» партиясы  82,15, Қазақстан Коммунистік халық партиясы  7,14, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы  7,18, «Бірлік» саяси партиясы  0,29,  Жалпыұлттық социал-демократиялық партия  1,18, «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиоттық партиясы  2 пайыз дауыс жинаған болатын.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар