Қазақ әншілерінің «жеке меншік» билері (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708231422567_small.jpg

Жасыратыны жоқ, қазақстандық эстрада әншілері арнайы би үйренуге бас қатырып жатпайтды. Көпшілігінің хорегорафиялық дайындыққа селқос қарайтыны рас. Біздің әншілер үшін сахнаға бір-екі би қимылын үйреніп шықса – жетіп жатыр. Алайда, көптің көзі үйренген «төл билері» бар жұлдыздар да жетерлік. «»Қамшы» порталы оқырмандарының назарына Baistars.kz әзірлеген видеошолуды ұсынамыз.

Қайрат Нұртастың "фирменный" биі нағыз "хит". Оның биін қайталап, пародия жасаушылар да желіде өте көп.

 

Бейбіт Қорған өнер жолын енді бастап жүргенде "Маған арман" әнін орындағанда "фирменный" биін билейтін. Кейін ол биін басқа да ырғақты әндеріне қосты. Бірақ соңғы кездері әншінін өзін де, биін де көрмей кеттік.

 

Әнші Кентал "Аман бол, халқым" деген хиті және соған арнайы қойған биі арқылы халыққа танымал болды десек, артық айтпаған болармыз.

 

Ернар Айдардың да өзіне тән, ерекше биі бар екенін байқадық.

 

Мақпал Жүнісова да ырғақты әндерді орындағанда делебесі қозып кетеді. 

 

Әнші аруларымыздың арасында "фирменный" биі барлар аз болып шықты. Ал, біреулер шығыс биіне ұқсас "қимылдар" жасай алатын Аишаны кәдуіскі биші санайды. 

 

Алишер Каримовтікі де  шығыс биіне жақын.

 

Саксафон және өзіндік би - Серік Ибрагимовтың сахнаға әр шығуын осылай сипаттаса болатындай.

 

Бейбіт Көшқалиевтің де өзіндік стилі мен биі бар.

 

Әли Оқаповтың да жиі қайталанатын ПА-сы бар екенін байқадық.

 

"All Давай" тобының секіріп билеуі топтың "фишкасы" деуге болады.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар