Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығында ресейшілдер қазақтың жан ашуына тимесін!

/uploads/thumbnail/20170708231415661_small.jpg

Біреулер біздің биліктің ресейшілдігін Елбасы айтқандай "Ресеймен мәңгілік достығымыздан" деп емес, Мәскеуге жалтақтығынан көріп жүр. Биліктен бастап барлық салада Мәскеуге жағымды саясат қалыптасқанына қарамастан, қит етсе "Қазақстанның басына да Украинадағыдай қара бұлтты қаптатамыз" деген мазмұнда тұтастығымызды бұзбақ ниетте орысшыл-фашистер шулап шығады.

Бірақ, осы Мәскеуі де, сырттағы, іштегі шовинистік-ресейшілдер де бір нәрсені – тарихтан сабақ алуды ескермей жүр. Өйткені, бұрынғыларын былай қойғанда соңғы жүз жылда Ресей екі мәрте Қазақ еліне қоқан-лоққы жасап, артынан жазасын тартқан еді. Біріншісі, 1916 жылы Қазақтан соғыстың қара жұмысына адам алу туралы орыс патшасының жарлығы бодандықтағы Қазақ халқының Ұлт-азаттық көтерілісіне ұласқаны белгілі. Сол Қазаққа тисуден кейін көп ұзамай патшалық Ресей құлап, ыдырады. Большевиктер оның 90 пайызын қайта жинап КСРО деген орыс империясын құрды. КСРО деген де 1986 жылы Қазақ Елінің билігіне облыстық деңгейдегі ресейлік бір орысты әкеліп қоямын, деп Қазақтың ашуына тағы тиді. Нәтижесінде, КСРО деген империя да ыдырап тарады. 

Биыл 2016 – Қазақ Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы. Путлерлік Ресей егер Қазақтың жан ашуына тағы да тиер болса не боларын ойлағаны жөн. Ойламаса "Өлер бала молаға қарап жүгіреді" дегендей Қазақ еліне тиіссе Ресей Федерациясы бірнеше жылда ыдырап құритынын ұмытпағандары жөн...

Аманғали Әбуовтің «Фейсбуктегі» парақшасынан алынды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар