Қазақстандағы қару-жарақ саудасы орыстардың қолында

/uploads/thumbnail/20170708231652023_small.jpg

Жақсы танитын бір азамат аңшылық Қару-жарақ дүкенде жұмыс жасайды. Соның айтуына қарағанда бизнестің бұл түрімен негізінен орыс азаматтары айналысады екен. Соңғы кезде аңшылыққа арналған қару түрлерімен, тіпті Калашников автоматына дейін сауда белсендірек бола түсіпті. Алушылар бағасына қарап жатпайды. Ішінде қазақтар өте аз.

«Informnapalm» сайтының жазуынша Қазақстанда әскери-саяси ахуал нашарлап, ресейшіл күштердің жағдайды ушықтыру ықтималдылығы арта түскен. Қазақстанда ресейшіл күштер белсенділігінің арта түсуі барысына жасалған сараптама соңғы 1,5 жылда елдің қазіргі билігіне айтарлықтай қауіп төніп тұрғандығын байқатады. Әсіресе өз басым суық қару ұстауға рұқсаты бар «Охранный» компаниялардан қорқамын.

Құдай оның бетін аулақ қылсын, бүгінгі таңда Қазақстан аумағында «Қырым» сценарийіне ұқсас сценарийды іске қосуға әзір жағдай қалыптасқан. Ол РФ ішкі саяси жағдайы күрт нашарлағанда немесе Қазақстанда режим аяқ-астынан өзгерген жағдайда іске асуы ықтимал.

Мұның үстіне оккупацияланған Донбаста жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан қазақстандық азаматтар «тәжірибемен» елге оралып жатыр. Оның үстіне ресейшіл казак-славян бірлестіктерінің белсенділігі тағы бар. Сайттың жазуынша Донбаста бандылық құрылымдарда қызмет еткен қазақстандықтардың 26 пайызы – Өскеменнен, 17 пайызы Алматыдан екен. Астана, Қостанай, Қарағанды, Петропавловск қалаларынан да бар. 
Ресейшіл топтардың ішінде Нұрлан Игенов деген мына сияқты қазақ жігіттер де бар көрінеді. Ол Донбаста ресейшілдер жағында соғысқан. 
Сондықтан да биліктің де, қазақ азаматтарының да бей-жай отыруына болмайды. Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қалатындай мүмкіндіктердің бәрі қарастырылуы керек!

Марат Тоқашбаевтың Фейсбуктегі парақшасынан алынды.

 

 

Қатысты Мақалалар