Ерболат Досаев орнын босатты

/uploads/thumbnail/20170709005506359_small.jpg

Жер саудасына қатысты басы дауға қалған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қызметінен босады, - деп хабарлайды  Qamshy.kz.

Естеріңізге салсақ, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен жиын өтуде. Оған Үкімет жетекшісі мен мүшелері, Президент әкімшілігінің лауазымды тұлғалары мен басқа да мемлекеттік орган басшылары қатысуда. ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаевтың хабарлауынша, жиында бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқылануда.

Сондай-ақ, жиын үстінде Елбасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен оның орынбасары Қайырбек Өскенбаевті лауазымдарынан босатқаны, Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс жариялағаны белгілі болды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар