Алаш қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына астаналық мектеп оқушылары тамаша тарту жасап отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған «АЛАШТЫҢ ӘЛИХАНЫ» спектаклін Астанадағы №76 мектеп-лицейінің «Заңғар» театр үйірмесі сахналады.
Қойылым режиссері – Қазақстанның Мәдениет қайраткері, актер Берікқан Төкенов, сценарий авторы – Қазақстан Республикасының Халық әртісі, драматург Ерсайын Төлеубай.
Жаңа қойылым ертең, яғни 13 мамыр күні (сағат: 16.00) Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік ғылымдар факультетінің акт залында көрермен назарына ұсынылмақ.
Пікір қалдыру