Әнші Қарақат Әбілдина өзінің жолдасы, продюссер, кәсіпкер Қыдырәлі Болмановтың қандай күйеу бала екенін көрсетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл туралы Әншінің өзі жолдасының суретін Инстаграм парақшасына салып, көпшілікпен бөлісті.
Суретке "қайын жұртқа қызмет қылып отырған күйеу бала" деген түсініктеме жазған.
Желі қолданушылары Қыдырәлі Болмановтың іскерлігіне мақтау айтып, жақсы күйеу бала екеніне қуаныштарын жеткізуде. Ал кейбір қолданушылар продюссердің "қазақтың белді азаматтарының бірі самаурын жағып жүргені жарамады" деген пікір қалдыруда.
Айта кетейік, жақында әжелерімен бірге Түркияда демалып келген Болманов енді демалысын ауылда жалғастырып жатқан көрінеді.