21 мамыр күні республика аумағында өткен Жер реформасына наразылық акциясы кезіндегі аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінің әрекетіне «Жас Алаш» республикалық газетінің қызметкерлері Сансызбай Молдасанов, Асылхан Әбдірайым мен Қуаныш Нұрданбекұлы шағым түсірген.
Журналистер шағымы бойынша Әуезов аудандық сотында бүгін өтуі тиіс болған сот отырысы полиция өкілінің «сотқа дайын еместігіне» байланысты 16 тамызға қалдырылды.
«Жас Алаш» қызметкерлерінің адвокаты Гүлнар Жуаспаева сондай-ақ, судьядан жауапты тарап ретінде қалалық Ішкі істер департаментін де тартуды сұраған. Адвокаттың ол өтініші де келесі сот отырысында қаралатын болды.
Видео Youtube желісіндегі "Қазақстан сегодня" арнасынан алынды.