Грузияның экс-президенті телекөпір арқылы Одессадан Тбилисидегі жерлестеріне сәлем жолдады. Телекөпірді Саакашвилидің "Единое национальное движение" партиясы ұйымдастырған, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Тбилисидің орталығында Михеил Саакашвилидің жақтастары ондаған мың адамды жинап митинг өткізген. Осы жиында Грузияда лауазымды қызмет атқаратын Саакашвили телекөпір арқылы жерлестеріне жолдау жасады. «Үш күн ішінде мен сіздерге Қара теңіздің басқа жағынан барамын» деді Саакашвили.
Естеріңізге салайық, Грузияда 8 қазанда Парламент сайлауы өтеді. Саакашвили бұл сайлауда оппозициялық "Единое национальное движение" партиясы жеңіске жетуі тиіс деп есептейді.