Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Ынтымақ" шекара бекетінің лейтенантына белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Өзбекстанмен іргемізді бөлетін бекеттің офицері ол уақытта Көктерек ауылында болыпты. Көлікпен келген белгісіз бесеу қару кезеп, офицерді соққының астына алған. Ол аздай, өздері мінген көлікке күштеп отырғызуға әрекет еткен көрінеді. Алайда, сол сәтте қорғану үшін, қару қолданған лейтенанттың оғы, сол маңайдан өтіп бара жатқан ауыл тұрғынын жарақаттапты. Салдарынан, оқ тиген азамат аурухана төсегінде тілге келмей, көз жұмды.
Арқанкергеннен басталған адам өлімі, айға толмай жатып, тағы қайталанды. Іргемізде тағы да мылтық атылып, тағы бір азамат қаңғыған оқтың құрбаны болды. Шекара қызметкеріне қару кезеп, шабуыл жасаған топ, офицердің алдымен аспанға, артынша көлік дөңгелегіне атқан оғынан соң, оқиға орнынан іздерін суытып үлгерген. Ұлтық Қауіпсіздік Комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарақшылық жасаған топ мінген көліктен суық қару табылған. Ал, түрлі дәрежедегі жарақат алған офицерге медициналық көмек көрсетілген. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу басталып, полиция белгісіз бесеудің аты жөнін анықтап, қамауға алу шарасын қолға алды.
31 телеарна
Пікір қалдыру