Дауысынан даланың сарыны ескен Досжан Дәулетқанұлы(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709184835811_small.jpg

Өнер адамдарының түрлі-түрлі болатыны бар емес пе, кейбіреу Ерлан Төлеутай ағамызша айтқанда «тауық» талантты болса да өршеленіп төр бермей, ән салып жатады. Фонограммамен ән салып, танысымен сахна көріп, ақшасымен жар салып жатады. Ал екінші біреулер тым қарапайым, олар өнерді қумайды. Өнерім бар деп айтпайды. Күйкі тірліктің көшіне ілесіп, ортасын думанға бөлеп жүре береді. Тіпті өзіндегі таланттың басқа да жоқ екенінің парқына да бармастан, даңғазаға дауырықпастан жүре береді. Ал, олардың ішінде бұлбұл көмейі де, жез таңдайы да болады. Зор дауыс та, жүрек тебірентер шынайылық та соларда болады.

Сондай таланты зор, өзі қарапайым әншілердің бірі – Досжан Дәулетқанұлы. Оның дауысында даланың сарыны бар. Ауылға деген сағыныш бар. «Қамшы» порталы оқырман назарына Досжанның орындауындағы әндерден әуесқой түсірілімді ұсынады. Тыңдаңыз, бағаңызды беріңіз Қадірлі оқырман!

Қатысты Мақалалар