Жастардың үштілділік туралы сұрағына жауап берген Үкіметбасшысы орынбасары Иманғали Тасмағамбетов тіл мәселесіне тоқтала келіп, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың тіл туралы өлеңін оқиды:
«Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутімнен,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, құлыным, жаным деген».
Ол сондай-ақ өз сөзінде, өркениетті ел боламыз десек ағылшын тілін міндетті түрде білуіміз керек екенін ескертті.