Жапонияның мектеп асханасында түсірілген видео желіге тарап кетті (Видео)

    Редактор
    Жапонияның мектеп асханасында түсірілген видео желіге тарап кетті (Видео)

    Жапониядағы түскі астың берілуі – тамақтанудан да көп нәрсені білдіреді. Оның қандай ерекшелігі бар екенін сіздер Сайтамда орналасқан мектептердің біріне онлайн-экскурсия құру арқылы біле аласыздар.

    1-2-3

    Танысып қойыңыздар, бұл Yui. Бүгін ол мектебіндегі түскі астың ерекшелігі жайлы айтып береді.

    Мектеп асханасының 5 жұмысшысы 3 сағатта 720 адамға түскі ас дайындайды.

    Олар тазалап жатқан картоптарды алтыншы сынып оқушылары мектеп фермасында өсірген.

    2-1-1

    Бүгінгі түскі асқа алмұрт соусынан балық (алмұрттар да меткеп бағында өсірілген), картоп езбесі, нан, көкеніс сорпасы мен сүт.

    3-77

    Аспазшылар тағамды әр сыныпқа контейнерларға бөліп қояды. Бұлардың бәрі бір бөлмеде дайындалады.

    4-1-2

    4-ші сабақтан кейін оқушылар ұстаздарына өткізген сабағы үшін алғыс айтады. Енді 45 минутқа созылатын түскі ас уақыты. Бүтін бір сабақтың уақытындай!

    5-1-2

    Оқушылар халаттары мен бас киімдерін киіп, беттеріне бетперде тағады.

    6-1-1

    Міндетті түрде қолдарын жуып, арнайы стерилдейтін гельмен қолданады.

    7-1-2

    Кезекшілер тағам салынған контейнерге барады. Бірақ олар алдымен аспазшыларға дайындалған ас үшін алғыс айтады.

    9-1-3

    Кіші сынып оқушылары түскі асты мынандай арбамен сүйретеді.

    10-1-3

    Ал, бұл бала сүтті үлестіру бойынша кезекші. Ол әрқайсына бір пакеттен таратады.

    11-1-3

    Бұл жерде сорпаны құйып, дайындап береді.

    12-1-4

    Дайындап болған соң, кезекшілер қанша ас қалғанын айтып, есеп береді. Ештеңе ысырап болып қалмауы керек!

    13-1-1

    Ұстаздары балалармен бірге тамақтанады. Асқа кіріспес бұрын, ол балаларға алдында тұрған астың қандай өнімдерден жасалғанын баяндап береді.

    14-1-1

    Түскі астан соң, балалар бәстесіп ойнайды. Жеңген балаға артық қалған балық пен сүт беріледі. Ештеңе ысырап болмайтынын айттық қой!

    15-17

    Оның үстіне оқушылар босап қалған сүттің пакетін қайта өңдеуге жіберу үшін дайындап береді.

    16-11

    Тамақтан соң, бәрі міндетті түрде тістерін тазалайды.

    17-11

    Сүттің пакетін жәшікке жинап, оны сумен жуып, бір тәулікке кептіруге қойып қояды. Одан кейін оны арнайы орынға апарады. Ол жақтан қайта өңдеуге алып кетеді.

    18-8

    Лас ыдыстарды оқушылар өздері тасиды. Кішкентайлары ыдыстарды сүйретілген арбамен лифтке дейін апарады.

    19-8

    13:10 тазалық уақыты басталады. Ол 20 минутқа созылады. Балалар сыныптарынының, дәліздің, дәретхананың еденін жуып, мектеп ауласын сыпырады.

    20-7

    Балаларды кішкентайынан еңбекке баулып өсіреді. Олар өнімдердің оңайлықпен келмейтінін ұғынады. Оларды алдымен өсіру керектігін де жақсы түсінеді. Барлығы бірлікте ұйымдастырылған!

    Қатысты Мақалалар