Семей әкімі мен қала тұрғындарының кездесуіне ШҚО әкімі Даниал Ахметов қатысты. Онда «Алтай» футбол клубының Премьер-лигадан шумен шығып қалғаны сөз болды деп хабарлайды arnapress.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан футбол Федерациясының Атқарушы комитеті клубтың сертификаттау талаптарын сақтамағаны үшін осындай шешім қабылдаған. Оған сай «Алтай» клубында балалар, жас жеткіншектер және жастар футбол топтары болу керек. Сонымен қатар, Премьер-Лиганың барлық клубтарының Екінші лигада жастар командасы болу қажет.
«Алтай» жанкүйері Серікбай Әлібеков әкімді аталмыш клубты Премьер-Лигаға қайта оралуына шаралар қолдануды сұрады.
Аймақ басшысы мұндай өтінішке «Алтай» клубының ішіндегі жағдайда ең алдымен түсінуді сұрады.
«Өткен жылы біз клубты біріктірдік. Жақсы қаржыландырдық. Жоғары дәрежелі жаттықтырушыны шақырдық. Бірақ қаржы мәселесін тексеру барысында қызық деректерді көрдік. Біз мемлекеттік қаржының қайда кеткенін білмейміз. Төлем жүргізу құрылымы біз үшін түсініксіз. Бір сөзбен айтқанда мемлекет қаражатын қалай болса солай пайдаланған. Бүгін белгісіз себептерге байланысты, спорт басшыларының келісімінсіз жаттықтырушылар ауысады, клубты кім басқарып отырғаны белгісіз. Егер мен барлығын қазбалай бастасам бұл мүлде басқа іспен аяқталады. Қазақстанның бірнеше клубтарының басшылары басқа жерде екенін білеміз. «Алтай» футбол клубымен де дәл осындай жағдай қайталанғанын қаламас едім. Мен футбол жанкүйерлерін тек футболды жақсы көріп қана қоймай,оған адал, шыншыл футбол сүйер қауымды тартуға шақырамын» деді Даниал Ахметов.