Ұшатын қытай спортшысының құпиясын мамандар да түсіндіріп бере алмай жүр

/uploads/thumbnail/20170709205333922_small.jpg

Әлеуметтік желіге тарап кеткен видео көпшілікті таң-тамаша қалдырған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Бейнекөріністегі спортшы көрсеткен тәсілдер қытай жекпе-жегінің ушу-таолу стиліне жатады. Әйтседе, қытай спортшысының әуеге жеп-жеңіл әрі кілт көтерілуі мүлдем түсініксіз. Оның құпиясын тіпті шығыс жекпе-жегінің мамандары да түсіндіріп бере алмады. Бұл жағдай адам мүмкіндігінің шексіз екенін көрсетеді.

Еске салсақ, ушу-таолу мыңдаған жылдар бойы дамып келе жатқан қытай жекпе-жегінің ең үздік тәсілдерін бір арнаға тоғыстырған жаңа стиль болып табылады.

 

Қатысты Мақалалар