ҚР Бас Прокуроры Жақып Асанов прокуратураға қалай келгенін айтып берді. Жақып Асановтың диплом қосымшасының балы 4.8 болған екен. Ал балы жоғарылар қызметті бірінші болып таңдау мүмкіндігіне ие болған. Жақып Асанов барғысы келген өңірде прокуратурада 4 орын болған екен. Алайда оған басқа адамдарды алып қойған. Осылайша Жақып Асанов адвокаттық жұмысқа тағылымгер ретінде келеді. Ол кезде заңгерлік жұмыс қазіргідей беделге ие болмағанын айтады. Тағылымгер болғандықтан бос уақыты көп болғанын, осы уақытты қалай тиімді өткізу керектігін жоспарлап, барлық кезекшілікті өзі алған. Демалыс күндері де жұмысқа шығып, еңбекқорлығының арқасында прокуратураға келген.