Жеңісбек Қадірұлы есімді азамат ел арасында «Пышақ өтпейтін темір жігіт» деп аталып кеткен. Себебі, оның денесін қанша пықшақпен тілгілесе де қан шықпайды және жарақаттанбайды. Бұдан бөлек ол кеудесіне тас қойып ұрғызып, екі шынтағымен екі гір тасын көтере алады.
Ерекше жігіт қазіргі таңда Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығында жұмыс істейді. Шетелге шақырту алып тұрады екен.
Халық арасында кеңінен танылып жүрген жігіт көптеген республикалық байқаулардың жүлдегері. 2013 жылы өткен «Аймақтар аламаны» жобасының жеңімпазы атанған.
Жеңісбек Қадірұлы шынашақпен және тісімен 16 келелік гір тасын көтере алады. Оның айтуынша 12 жасында түс көріп, денесін пышақ кеспейтінін аян арқылы білген. Қазіргі таңда шәкірт тәрбиелеп жүр.