Көше кезіп күнін қайыр сұраумен көріп жүрген ер адам нағыз тума таланттың өзі болып шықты. Фортепианада керемет композицияны орындап ғаламторда нағыз жұлдызға айналды. Желіде кеңінен таралып үлгерген видеоны 4 миллионнан астам адам көріп, қайыршының өнеріне тәнті болды. Видеоның соңында ер адам орындаған композициясын өзі шығарғанын айтады. Бойында таланты, дарыны, білімі бар адамдардың өмірден баз кешіп, ішкілікке салынып немесе қайыр сұрап кететіні қынжылтады.