Ноттингем университеті мен Катрин университетінің докторы Мартин Хаггер адамның туа бітті мінезі денсаулығынан хабар беретіндігін мәлімдеді.
Мартин Хаггердің айтуынша, мінез ген мен қоршаған ортаға байланысты қалыптасады. Тегі мықты, қоршаған ортасы әдемі жерлерден даңқы адамдар көп шығады.
Сондықтан, денсаулықтың мінезге қатысы барын сеніммен айтуға болады. Мінезге бай адамдар ұзақ жасайды әрі көп ауру-сырқауға ұшырай бермейді.
Адамның денсаулығы бірге жұмыс істейтін әріптестеріне де байланысты екен. Өйткені, адамдар өз өмірінің бір бөлігін жұмыста өткізеді.
Квинсленд университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулер көрсеткендей, ұжым қандай болса, адамдардың денсаулығы да соған ұқсас. 15 мемлекеттен 19 мың адам қатысқан 58 зерттеу жұмыстары осыны көрсеткен.
«Еңбек ұжымының бір бөлшегімін» деп ойлайтын жандардың денсаулығы жақсы болып шыққан. Сонымен қатар олар қызуқандылыққа апаратын сәттермен жиі ұшырасқан. Әлеуметтік идентификация (өзін белгілі бір әлеуметтік топқа жатқызатындар) адамның физикалық және психикалық жағдайына қолайлы әсер етеді.
Ғалымдардың айтуынша, ұжым мүшелерінен әр адамға қолдау қажет. Ұжым мүшелерінің ұйымшыл болуы – өте пайдалы. Ондай жерде қуаныш пен қайғыны бірдей бөлісе аласыз. Жанашырыңыз көп болады. Бір ерекшелігі: әйелдер көбірек ұжымда байланыс нашар болып шыққан.
«Айқын» газетінің жазбасынан
Пікір қалдыру