Анасы баласының мәйітін 22 жыл бойы сақтап келеді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709224453976_small.jpg

Жақын адамды жоғалту әрқашан қиын. Оның ащы дәмін сезгендер көп. Бірі бұрыңғы өміріне қайта оралып, тіршілігін жасаса, енді бірі өмірінің соңына дейін қайғырып өтеді. Мәселен, американдық Рокки Абальсамоның әйелінің қабіріне бір күн өткізбей барып жүргеніне 20 жыл болды. Ал Грузия тұрғыны Циури Кварцхелия бірнеше жыл бұрын қайтыс болған баласының қалдықтарын жертөлесінде сақтап келеді деп жазады qamshy.kz.

22 жасында қайтыс болған Джони Баракадзенің отбасы ұлы әкесін көруі үшін оны жерлемеуді шешкен. Қазір ол анасының жертөлесінде жатыр. Алғашқы төрт жылда әйел бальзамдауға арналған сұйықтықты пайдаланған. Бірақ бір күні түсінде белгісіз біреу оған баласының денесін арақпен сүртуге кеңес береді. Содан бері анасы күнде мәйітті арақпен сүртеді екен. Джоридің әр туған күнінде анасы оның киімін ауыстырып отырады.

Қайтыс болған Джоридің ұлы 20 жасқа толды. Ол әкесін көріп тұрады. Оның ойынша туыстары дұрыс шешім қабылдаған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар