Жерге түскен тамақты 5 секундта көтеріп үлгеріңіз!

/uploads/thumbnail/20170709231209542_small.jpg

 «Бес секунд»  теориясының шындық екені дәлелденді деп хабарлайды qamshy.kz. Бес сеунд теориясы бойынша жерге немесе еденге түскен тағамды аталған уақыт ішінде көтеріп үлгерсеңіз оны жей беруге әбден болады екен. Оның себебінбылай деп түсіндіріледі: 5 секунд ішінде микробтар тағамға жиналып үлгермейді. Бұл туралы Independent газеті ғылыми мақала жариялаған.

Бұл теорияның негізінде мына мәселе жатыр екен:

Айталық көп адамдар тамақ жеу барысында жерге немесе еденге тамақтарын түсіріп жатады, алайда оны қайтадан көтеріп жемейді. Себебі оны кірлеп, ластанып қалды деп ойлайды. Ал ғалымдар осы мәселеге байланысты өз көзқарастарын былай білдіреді: 5 секунд ішінде еденге не жерге құлаған ас микроб жинап үлгермейді, үлгерсе де өте аз көлемде жинайды. 5 секунд ішінде жинаған микробтарды адамның асқазаны қорытып үлгереді екен.   Ұлыбританияда Бермингемде Астондық университетінің профессоры Энтони Хилтон осы теориямен толықтай келісіп отыр.

Әрине, лас екені түрінен ақ көрініп тұрған тағамды жеу дұрыс емес. Алайда, тағамның ластанғандығы білінбесе, онда әр секунд сайын микробтардың көбейетіндігін ескерсек, тез арада алып үлгеру керек.  Десек те, микробтар жерге түскен тағамға жұғыса алмайды деген сөз емес. Жерге түскен нәрсені жеудің қауіпті екенін де ескеру қажет. 2000 адамның арасында жүргізілген сауалнама бойынша 79%адам  жерге түскен тамақты көтеріп жей беруден кетәрі емес екендіктерін, еш жиіркенішсіз қабылдайтындықтарын жеткізген.

 

Қатысты Мақалалар