Шыңғыс хан өз заманындағы ірі әскери және мемлекеттік қайраткер. "Қамшы" назарларыңызға оның өмірі туралы бірнеше дәйекті ұсынады.
Алғашқы рет кісі өлтіру
Шыңғыс хан 14 жасында үйіне балық алып келеді. Оны ағасы ешкімнен бөліскісі келмей жеп қойған. Сол үшін Шыңғыс хан оның артынан қуып нәтижесінде садақпен атып түсіреді.
Әкесінің кегін алу
Шыңғыс хан 20 жасында шайқаста қолбасшы болып тағайындалып, сол шабуылда әкесі көз жұмады. Шыңғыс хан ұрыста жеңіске жетіп, арбаның дөңгелегінен (90 см. жуық) жоғары барлық адамның басын шабуға бұйрық береді.
Адам сүйегінен құралған үлкен үйінді
Шыңғыс ханның миллиондаған әскері 53 миллион халық тұратын Цзинь империясын жаулады. Монғолдар Чжундуды (қазіргі Пекин) қоршауға алды. Халық қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Соңында халық берілді. Кейінірек куәгерлердің бірі адам сүйегінен үлкен үйінді пайда болғанын айтқан.
Кадрларды таңдау
Тайчигуд рулық қауымымен болған шайқаста Шыңғыс ханның атына садақ тиеді. Шыңғыс хан барлық тұтқынды бір қатарға тұрғызып, өзіне кімнің садақ атқанын сұрайды. Сол кезде Жебе есімді садақшы бір қадам алдыға шығып, Шыңғыс ханды өлтіру үшін атқанын айтады. Батылдығына таң қалған Шыңғыс хан оны әскери қолбасшы етіп сайлайды. Уақыт өте келе олар жақсы достарға айналды.
Қыздарының тағдыры
Шыңғыс хан қыздарын өз одақтастарына күйеуге беріп отырған. Алайда, қыздарынан басқа әйел алмасын деген шарт қойған. Шыңғыс хан өлер алдында оның қыздары үлкен территорияларды басқарған.
Бір адам үшін 1,7 миллион адамның өмірін қию
Шыңғыс ханның қыздарының бірі Токучар есімді күйеуін өте қатты жақсы көрген. Ол Шыңғыс ханмен де өте жақсы қарым-қатынаста болған. Нишапурлықтардың бірі Токучарды садақпен атып өлтіргенде әйелі кек алуды талап еткен. Шыңғыс ханның әкесі ешкімді аямай Нишапурды жоқ қылады. Кейбір деректерде онда 1,7 миллион адам өлгені айтылады.
Мерекелеу
Калка өзеніндегі шайқаста жеңіске жеткен Шыңғыс хан Киевтік Рус әскеріне жерге жатуды бұйырды. Олардың үстінен ауыр ағашпен басып, оның үстінде әскерімен кезекті жеңісін тойлаған.
Шыңғыс ханның ашуы
Шыңғыс хан Хорезм королдігімен дипломатиялық және сауда қарым-қатынасын жақсартуға тырысады. Алайда оның ниетіне сенбей екі мәрте елшілерін өлтіріп тастайды. Ашуға булыққан Шыңғыс хан Хорезмді жермен жексен етуге бұйырады.
Таңғұттар елін жою
Таңғұттар елі Хорезммен шайқасқа көмек ретінде әскер жіберуден бас тартады. Ол үшін жазасын да алды. Шыңғыс хан әскері таңғұттарды Жер бетінен жоқ қылады.
Жерлеудің қатігез дәстүрі
Шыңғыс хан, қайтыс болғанда ешкім таба алмайтын жерге көмуді өсиет еткен. Оның денесін алыс шөлге апарып көмеді. Жерлеу рәсіміне қатысқан құлдарды әскер өлтіріп тастайды. Қалаға келгенде әскерді де өлтіреді. Шыңғыс ханның қайда жерленгені әлі күнге дейін белгісіз күйінде қалып отыр.