«ҚАМШЫ» ПОРТАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ БІЛӘЛ ҚУАНЫШ «БАСТЫ ТАҚЫРЫПҚА» СҰХБАТ БЕРДІ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710001623078_small.jpg

«Қамшы» порталының жетекшісі Біләл Қуаныш Қазақстан арнасынан шығатын аса маңызды тақырыптарды талқылайтын бағдарлама «Басты тақырыпқа» сұхбат берді.

Сұхбатта Алаш тақырыбы, Мәжіліс депутаты Азат Преуашев ұсыныс жасаған Азаматтық беруге жаңа ереже енгізуге сай Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мәселесі, Қазақ көші-қонының жай-күйі айтылды. 

Айта кететін болсақ, биыл «Қамшы» ақпараттық агенттігі Алаштың ғасыр тойы қарсаңында бірнеше іс-шараны қолға алып, бастама көтерді. Атап айтқанда, 5 наурыз күні Алматыдағы Байтұрсынұлы музей-үйінде Алаш арыстарына арнап ас берді.  Сәуір айында Алаш арыстарына арналған жүз ағаш егу, Мамыр айында жүз жетім балаға қамқорлық, Жүз студентке степендия сияқты акциялар өткізеді. Сондай-ақ, жыл соңында Алаш арыстарының Жүз ізбасары деген атпен мемлекетке еңбек етіп жүрген бүгінгі күннің қайраткер тұлғаларынан он кісіге арнайы төсбелгі табысталады.

Қатысты Мақалалар