Танымал «Тақтар ойыны» телехикаясы жетінші кезеңінің промо-ролигі шықты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710001633625_small.jpg

«Тақтар ойыны» телехикаясы жетінші кезеңі биылғы жылы шілденің 16-сында эфирге шығады. Фэнтези жанрындағы америкалық драмалық телесериалдың жаңа кезеңінің промо-ролигі шықты деп хабарлайды Qamshy.kz

Еске сала кетсек, бұған дейінгі кезеңдері жыл сайын сәуір айында шыққан болатын.
Бұған дейін таралған ақпарат бойынша «Тақтар ойыны» сегіз кезеңмен қорытындыланады. Сонымен қатар қысқа болады, бұрынғысынша он бөлімнен емес тек жеті сериядан тұрады.

Айта кетсек, HBO телеарнасын көрсетіліп келе жатқан «Тақтар ойыны» - Джордж Мартиннің "Мұз бен от жыры" романдар циклі бойынша түсірілген фэнтези телехикая. АҚШ-та алғашқы маусымының тұсаукесері HBO арнасында 2011 жылы 17 сәуірде өтті; 2014 жылы барлық төрт маусымы көрсетілді.

"Тақтар ойынының" жүрісі ортағасырлық Еуропаны еске түсіретін ойдан шығарылған әлемде өрбиді, бірақ ол әлемде жыл мезгілдері бірнеше жылдарға созылады. Сериалда іс-әрекет ұзақ жаздың соңында басталады. Сериалда бір уақытта көп кейіпкер көрсетіледі және бір бірімен байланысты бірнеше сюжет желісі өрбиді. Олардың біреуі бірнеше беделді әулеттердің патшалық тағы үшін шайқасқа арналса, басқасы — елдің солтүстігіндегі ескі Қорғанды күзететін жұтаң жолдастық, табиғаттан тыс күштерге қарсылық туралы, ал үшіншісі — отанына оралу үшін шығыс елдерінде өзіне одақтас іздеп жүрген қуғындалған ханшайым Дейенерис Таргариен туралы. Сериалда қиял-ғажайып жаратылыстар да көрсетіледі: айдаһарлар және аруақтар. "Тақтар ойыны" үшін өте жаман және өте жақсы кейіпкерлердің болмауы хас, көптеген қаһармандар әртүрлі әрекеттер жасап, көрермен күтпеген сәтте өліп қалуы ғажап емес. Сериалда саясат, дін, азаматтық соғыс, әйелдердің қоғамдағы орны және қылмыс пен жаза тақырыптары қамтылған. Сериал үшін арнайы бірнеше жасанды тілдер жасалған, солардың ішінде дотраки тілі де бар.

Қатысты Мақалалар