Нәсілдік кемсітушілікке жол берген FaceApp жұрттың ашуына тиді

/uploads/thumbnail/20170710051328481_small.jpeg

Сәуір айында телефондарға қосылған жаңа құрылғы бар әлемді жайлады. Жастарды былай қойғанда, үлкен кісілер қызығына батқан бұл қосымша құрылғы бәріне мәлім – FaceApp бағдарламасы, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Алғаш ресейлік Wireless Lab компаниясы құрастырған бұл бағдарлама елімізге де жеткен. Не керек, смартфоны бар кез-келген адам бағдарламаны жарыса жүктеп, бет-әлпеттерін неше-түрлі әдіс-тәсілдермен әрлейтін қосымша құрылғылардың рахатына бөленіп жүр.

Мұндағы қосымшалар мынадай еді: адамның бала кейпі, жігіт болғандағы, не қыз болғандағы кейпі, қартайғандағы түрі, сондай-ақ адамның келбетін одан әрі әрлейтін де құрылғы бар. Иә, адамның қызығушылығын тудыратын бұл құрылғыларды бәрі қолданып көргені анық.

Жігіттеріміз қыз болсақ, қандай болар едік деп немесе қыздарымыз керісінше істеп, өз көңілдерін өздері көтеріп жүр. Алайда, талай қызығымен елірткен бұл құрылғының адамға кері әсерін тигізетін тұстары да жоқ емес. Жоқ, денсаулығын айтпаймын. Басты мәселе адамның намысына тиер тұстары жайында болмақ. Жоғарыда айтып өткендей, адам келбетін одан сайын әрлейтін Hot құрылғысы нәсілдік кемсітушілікке әйкеліп соққан көрінеді.

«Яндекстің» бұрынғы қызметкері, бүгінгі таңда танымал FaceApp-ты құрастырушы Ярослав Гончаров Hot фильтрі үшін халықтан кешірім сұрапты. Неге дейсіз ғой? Негізінен, бағдарламаны құрушылардың жоспары бойынша, Hot фильтрі адамның келбетін одан сайын әсемедеу болған. Алайда бұл қара нәсілділер мен азиаттықтардың көңіліне жақпай қалған сыңайлы. Себебі, бұл құрылғы қара нәсілді адамдардың терісінің түсін өзгертіп жібереді екен.

«FaceApp – нашар қосымша болып қана қоймай, нәсілдікті кемсітудің белгісі. Бағдарламадағы бір фильтр менің терімнің түсін ағартып жіберді, ал мұрным еуропалықтардың мұрны секілді болып кетті. Жоқ, рахмет, енді қолданбаймын» деп жазды қара нәсілді азамат әлеуметтік желіде.

Гончаровтың айтуынша,  фильтр жұмысындағы бұл кемшілік нейрондық желінің жанама жұмысы. «Мұндай мәселенің туындағаны үшін халықтан кешірім сұраймыз» деді ол.

Құрастырушы, сондай-ақ Hot құрылғысының Spark болып өзгергенін де айтты, яғни позитивті көңіл-күй тудыратын ұшқын. «Біз кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз. Бірнеше күнде мәселе шешіледі» деп уәде етті Гончаров.

Айта кетейік, нәсілдік кемсітушілікке әкеліп соққан бағдарламалар ішінде FaceApp алғашқысы емес. Мұндай жағдай Micrososft бағдарламасына қатысты да орын алған. 2016 жылдың наурызында компания құрастырушылары дайын сөз тіркестерінен құралған «Ақылды Тау» хабарламасын іске қосты.

Сондағы сөз тіркестері мынадай болған: «Мен керемет жанмын! Бәрін жек көремін!», «Мен феминистпін», «Мен азиаттар мен еврейлерді жек көремін». Сонымен қатар, саясатқа қатысты тіркестер де болды, Гитлерді жақтаушылардан бастап, ұлттық қозғалыстарға қатысты тіркестер де кездескен.

Мұны байқаған жұрт үнсіз қалмады. Нәтижесінде Microsoft бот-хабарламасын өшіріп, намысқа тиетін сөздер үшін кешірім сұраған.

Дайындаған: Гүлім ЖАҚАН

Қатысты Мақалалар