Сиам егіздері 200 000 қалыпты сәбидің арасынан 1 рет пайда болуы мүмкін. Және көп жағдайда мұндай балалар өлі туылады.
Бриттани мен Эбби Хенсел сиам егіздері. Олар сау туылып қана қоймай, бүгінде еш қиындықсыз өмір сүруде. Әрине, олардың өмірін қалыпты жағдай деп атау қиын.
Қазір олар қарапайым адамдар жасай алатын нәрселердің бәрін істей алады. Сиам егіздерінің өмірі туралы қызықты ақпаратты ұсынамыз.
Дене құрылысы
Эбби мен Бриттани бір денеде. Алайда маңызды ағзалары әр қайсысында жеке-жеке бар. Мысалы жүрек, ми, асқазан, өкпе, омыртқа.
Бақылау
Қыздар денеге бақылауды бірге жүргізеді. Алайда оған үйрену үшін қыздарға біраз уақыт қажет болған. Бүгін қыздардың әр қайсысы бір қол мен бір аяқты бақылайды.
Жүріс
Эбби табанын толық басып жүреді, ал Бриттани аяқ ұшымен жүреді.
Қызығушылық
Дәрігерлер қыздарды бөлген жағдайда екеуі де тірі қала алмайтын еді дейді. Сондықтан бұл сұрақ мүлдем талқыланбаған.
Сиам егіздері туралы фильм де түсірілген. Қыздар 16 да болғанда олар туралы арнайы фильм түсіріліп, кейін шоуға айналған.
Қыздар өз денелерін өте жақсы бақылайды. Көлік айдауды бірге үйреніп, жүргізуші куәлігін алуға жеке-жеке тест тапсырған.
Талғам
Қыздардың қызығушылықтары мен талғамдары әр түрлі. Бетке бояу жағатын кезде әр қайсысы жеке қалауларына жүгінсе, киімге келгенде бір шешімге келу қиынға соғады. Эбби математиканы жақсы көреді, ал Бриттани болса филологияға жақын.
Қыздар университет бітіріп 2 диплом алған. Қазір бастауыш мектепте математикадан сабақ береді. Алайда еңбекақыны бір адамның жұмысына алады.
Сиам қыздар танысуға, отбасын құруға қарсы еместіктерін жеткізген.
Олар өз денелері, болмыстарын қаз қалпында қабылдай алған. Көпшіліктің назарында болуға да үйреніп қалған. Алайда олар өмір сүргендері үшін бақытты.
Дайындаған: Сабина Рамазан