Рымғали Нұрғали. Башқұрт əдебиеті

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Башқұрт жазба əдебиеті Октябрь революциясынан кейін қалыптасты. Одан бұрынғысы – негізгінен халық поэзиясы, фольклор. Ауыз əдебиетінде форма жағынан ерекше жетілген жанр – қобайыр. Ол қазақ поэзиясындағы толғауға жақын.

Қобайырдың өзегі əлеуметтік сарын, яғни Орал тауын, Ақ Еділді, туған жерді, халқын мадақтау. Ал «Ақбозат», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Күсəк бей» секілді эпикалық поэмалар – башқұрт тарихының түрлі кезеңдерін бейнелеген кесек туындылар. XVI I-XIX ғасырда əуезді, сырлы, шерлі, əнмен айтылатын «Салауат», «Азамат», «Орал» сияқты тарихи жырлар, «Зұлхиза», «Шаура» секілді аңыздар туды. Революцияға дейін Башқұрт поэзиясының кейбір нұсқалары қолжазба түрінде тараған. Башқұрт əдебиетінің тарихында Салауат Юлаевтың есімі əйгілі. Жауынгер ақынның ел аузында қалған, кезінде орыс тіліне аударылған жырларына тəн сипат – ереуіл рухы, əлеуметтік идея, азаматтық пафос.

Діни уағызға арнап шығарма жазған. Т. Ялсыгул (1787-1838), Ə. Қарғалы (1784-1825), Г. Салихов (1794-1867), Ш. Заки (1825-1865), Ғ. Сокрый (1826-1889) секілді ақындар мистика, софизм шырмауында қалып қойды. XIX ғасырдың 2-жартысында башқұрт əдебиетінде ағартушылық бағыт өрлей бастады. Бұл кездің көрнекті өкілі көп қырлы талантты ақын, тілші, фольклорист, этнограф, тарихшы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері М. Үмітбаев (1841-1907) болды. Оның 1897 ж. шыққан «Жəдігер» жинағында ғылыми еңбектері, өлеңдері топталған.

Қазақ, татар поэзиясында елеулі із қалдырған Ақмолла ақын – башқұрт демократтық əдебиеттегі ірі тұлға. Башқұрт совет əдебиетінің іргетасын қалауда Мəжит Ғафуридің «Қызыл ту», «Ант», «Еңбекші», «Татар жігітіне», Д. Юлтыйдың «Октябрь», «Аттан, жігіт», «Майсара», Ш. Бабичтің «Халыққа арнау», С. Құдаштың «Қызыл əскер», «Айтшы» секілді революция жырлары аса зор рөл атқарды. 30-жылдарда халық өмірінің əр түрлі кезеңін бейнелейтін реалистік проза туды. Олар – С. Құдаштың «Қос қайың», С. Агиштің «Жағдайға орай» повестері, Д. Юлтыйдың «Қан», А. Тагировтың «Солдаттар», «Қызыл гвардияшылар», «Қызыл əскерлер», И. Насыридың «Кедей» романдары, Х. Ибрагимовтың «Башмақшы», К. Даянның «Таңшолпан», Н. Кариптің «Алма» пьесалары, С. Құрыштың «Бақыт заңы» (1935), «Республика жырлайды» (1938), Б. Ишемғұлдың «Отан» (1936), Х. Каримнің «Салтанат», Р. Нигматидің «Ақ Еділдің əсем айдыны» (1940) өлең-жырлары. Отан соғысының қаһарлы шындығы əдебиетте жан-жақты бейнеленеді. А. Бекчентаевтің «Аққулар Оралда қаладысы» (1956), «Үлкен оркестрі», Х. Дəулетшинаның «Ырғызы» – прозадағы; Р. Нигматидің «Большевигі», Х. Каримнің «Алтын масағы», С. Құдаштың «Отаным менің» – поэзиядағы елеулі шығармалар. Ежелден іргесі бір, тілінде, тұрмысында, салт-санасында ұқсастық көп, қазақ пен башқұрт – туысқан халықтар. Башқұрт жазуларының шығармалары қазақ тілінде көп аударылады. Үлкен ақын əрі драматург Мұстай Кəрімнің «Ай тұтылған түн» пьесасы қазақ сахнасынан көп жыл бойы түскен жоқ. М.Əуезовтің «Абай» эпопеясы, т.б. көптеген қазақ шығармалары башқұрт тілінде жарық көрді. С. Құдаш пен Б. Майлиннің, С. Мұқановтың творчестволық достығы үзілген емес.

Қатысты Мақалалар