ШҚО тұрғыны көп қабатты тұрғын үйлердің маңына мәйітті көміп тастамақ болған (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710162250853_small.jpg

Жантүршігерлік оқиға Риддерде болған. Таңғы сағат 4:00 шамасында жергілікті тұрғындар белгісіз бұр ер адамды көздері шалған. Бір келеңсіздікті жүрегі сезген тұрғындар полиция қызметкерлерін шақырып, аталмыш жайтты видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода ер адамның бір мәйітті тасып алып бара жатқандығы анық көрінеді. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша қамау изоляторына тоғытты.

«Белгілі болғандай, 29 жастағы ер адам үйіне өзінің 45 жастағы танысын қонаққа шақырған. Олар бірге ішімдік ішіп отырып, келіспей қалған. Ұрыстың соңы төбелеске ұласып, алған жарақатының кесірінен шақырылған қонақ оқиға орында көз жұмған. Ал қылмыскер мәйітті көмп тастап, ізін суытпақ болған», - деп мәлімдеді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Аталмыш жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, істің мән-жайы анықталуда.

Шолушы: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар