"Анаңнан өз тегіңді сұрап ал!"

/uploads/thumbnail/20170708155823114_small.jpg

Өткен жұма күні мешітке бара жатқанмын. Артымда бірнеше адам әңгімелесіп келеді. Алтай өлкесінен келген әлде бір әріптестерін сөз етеді. "Қазақша ма, алтайша ма, айырмайсың, кейде адам ұқпайтын сөздерді қосып сөйлейді, бірақ, орысшасы керемет" деді, біріншісі. Екінші бір дауыс: "Ой, таудағы орманда неше түрлі пәлелер бар, солардың бірі ғой. Қазақ емес шығар. Жалпы, Монғолдан, Қытайдан келгендердің бәрі шата немелер. Түбі шикі." демесі бар ма? Бұрылып қарасам, екі көзі қысық, түрі қазақтан гөрі қытай, корей немесе қалмаққа көбірек ұқсайтын қайыстай қара жігіт ағасы екен. Төртеуін тоқтатып тұрып былай дедім: "Мен жаңа ғана сен айтқан Монғолиядан келген қазақпын. Қане, екеуіміздің қайсымыз қалмаққа ұқсаймыз? Әрине, сен қазаққа ұқсамайсың. Олай болса, шеттен келген таза қанды қазаққа жала жаппа! Егер анаң тірі болса, әдейлеп сұрап, өз тегіңді танып ал!" дедім. Қасындағылар күлді. Ол үн-түнсіз кете берді. Көрмей-білмей сәуегейлік айтып білгірситіндер тым құрығанда бүтін қазақты жікке бөлмей жайына жүрсе болмай ма екен, осы?!

Қуандық Шамахай, Facebook жеке парақшасынан

Қатысты Мақалалар