Айдос Сарым. Калачи - Қазақстан

/uploads/thumbnail/20170708155833413_small.jpg

Ақмола облысында Калачи деген ауыл бар. Оның жұрты белгісіз себептермен қалың ұйқыға кетіп қалады. Қазақстанның барша дәрігері, маманы жиналып осының "сиқырын" таба алмай отыр. Жаңа оқып қалдым: үрейленген, мүмкіндігі бар жұрт ауылдан көшіп жатырған көрінеді... Тұп-тура бүгінгі Қазақстанның образы іспеттес ауыл ғой. Қалың ұйқыдағы қазақ. Осы "ұйқының" себебін, қалай оятудың тәсілін таба алмай дал боп жүрген "зиялы мамандар". Арасында елден безіп жатқан жастар... АҚШ-та осындай Калачи болса баяғыда 5-6 роман жазылып, 2-3 кинотуынды жасап тастар еді.

(Автордың фейсбуктегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар