Қытайда су тасқынынан 6 адам қаза болды (видео)

/uploads/thumbnail/20170728114915873_small.jpg

Қытайдың Шэньси провинциясында су тасқыны салдарынан 6 адам қаза болды, деп  жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп.

Тағы 3 тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Табиғи апаттан өңірдегі Суйдэ маңы аса қатты жапа шеккен. Мұнда бөгет бұзылып, бүкіл уезді су басты. Бірқатар аудан халқы электр энергиясы мен сусыз отыр. Жергілікті биліктің есептеуінше, табиғи апаттан 34 миллион АҚШ долларына материалдық шығын келген.

Ал мамандар жаңбырдың осы аптаның аяғына дейін тоқтамайтынын хабарлайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар