Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың ұлы кіші Ислам Каримов Бас прокуратураны анасына қатысты қылмыстық істі қолдан жасап отыр деп айыптады. 1 тамызда Ислам Каримов ВВС-ге берген сұхбатында ол өзінің анасына жала жабылып отырғанын айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
28 шілдеде Өзбекстан Бас прокуратурасы Каримованың қамауда екенін хабарлаған. Прокуратураның ақпараты бойынша, 2015 жылы тамызда Ташкент облыстық қылмыстық істер соты Каримованың бас еркіндігін бес жылға шектеген.
Кіші Ислам Каримов өзінің анасына қатысты барлық мәлімдемелерді «бұрмаланған, қолдан жасалған» деп отыр.
Бұрынғы президент жиенінің сөзінше, анасына телінген активтер (істе 2 миллиард доллар көлемінде қаржы жымқырғаны айтылады) шын мәнінде Гүлнара Каримоваға тиесілі емес. Ол Өзбекстан билігінде әлі күнге дейін отырған адамдардың көпшілігінің байлығы.
Каримованың ұлы BBC-ге 3 шілдеде анасының түрмеге ауыстырылғаны туралы хабарламаны 1 тамыз күні алғанын айтады. Бұл құжаттың растығын анықтау мүмкін болмай тұр.
Пікір қалдыру